RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым!

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1989 жылдың 15-ақпан күні Кеңестер Одағының әскері Ауған жерінен шығарылды. Міне, содан бері тура ширек ғасыр өтіпті. Ресми деректерге сүйенсек, 22 269 қаракөз сарбазымыз Ауғанстанда қан кешіпті. Олардың 21-і із-түзсіз жоғалып, мыңға жуығына Ауған жерінен топырақ бұйырған. 1015 азаматымыз елге мүгедек болып оралған. Қазір Ауған соғысында от кешкен 18 мыңнан аса азаматымыз арамызда жүр. Солардың ішінде «Бозашы Транс Құрылыс» ЖШС (БТКБ) 4 ардагер, «West Oil Servisec» ЖШС (ЖТКБ) 4 азаматымыз және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 3 батырларымыз бар.  

Соңғы совет әскерлері Ауған жерінен кеткеніне 30 жыл толуына орай  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-гі мекемеде қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Қан майданда жүріп Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар: Наурыз Муханбедиұлы Махамбетов, Сакыпкали Абденұлы Кенжебаев, Бердигали Утеулиұлы Сугиров кездесуге шақырылды.  Жиынға «ОТК» ЖШС басшылығы, «ОТК» ЖШС ӘБ «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының» төрағасы мен бөлім басшылары қатысты.

Кездесуде сөз алған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС директорының қызметкерлерді басқару, еңбек ақы төлеу және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Нұрлан Жабагиевич Құрмашев, ардақты батырларымыздың жиын қонағы болғанына алғысын білдіріп, ардагерлердің батылдықты және қаһармандықты көрсете білгені үшін, қоғамдық өмірге де белсене араласатындығын алға тартты. «ОТК» ЖШС ӘБ «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының» төрағасы Марат Темірқасов азаматарға біздің еліміздің тыныштығы мен бақытты ұрпақтар үшін еңбектеріне алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында батырларымыз басынан өткен оқиғалары жайында еске түсіріп, алғаш Ауған жеріне барғандарын айтып берді. Ауған соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарай  келе,  жігерлі азаматтарымыздың  қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетті.

Осындай маңызды да, тағлымды шараның  құрметті мейманы ретінде шақырылған соғыс ардагерлерін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-і атынан ержүрек батырларымызға Отан алдындағы борыштарын  адал атқарғандары,  батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһармандығы үшін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығымен құттықтап, арнайы сыйлықтар табысталды.

Жарияланған күні: 0



16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты

18 желтоқсан 2023

"West Oil Software" ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатырған ереуіліне қатысты мәлімдеме.

5 желтоқсан 2023

Кайдзен

29 қазан 2023

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС үздік деп танылды

29 тамыз 2023

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балаларының демалысы туралы мақала және фотосуреттер

10 тамыз 2023

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы

8 тамыз 2023

Танысуға арналған материалдар

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

2 маусым 2023

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі өрендер» байқауы өтті

5 мамыр 2023

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


14 наурыз 2023

Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті

2 наурыз 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз

26 қаңтар 2023

«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

19 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.

12 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

3 желтоқсан 2022

«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті

30 қараша 2022

Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды

21 қараша 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828