RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ ӘЗ НАУРЫЗ! «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН 19 НАУРЫЗДА АТАП ӨТТІ

Қазақ даласына көктемдей нұрлы, күн дидарлы шуақты күндермен қатар келетін Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі әрі орны бөлек мейрамдардың бірі болып саналады. Осындай қасиетті Наурыз мерекесін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС кең көлемде атап өтті. «Көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке Наурыз той» деп көркем үнмен киелі мерекені қарсы алған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері Наурыз мейрамының Қазақстан халқы үшін рухани-мәдени тәрбиелік мәнін арттырып, маңызын дәріптеп, отбасылық мереке ретінде қалыптастыруды мақсат ете отырып ұйымдастырған.

Наурызды неғұрлым жомарттықпен атап өтсең, сол жылдың шарапаты да соғұрлым мол болады деген ұғымды алға тартып, мерейлі мерекеге арнайы киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, Сенімгерлік басқарма ұжымдары қонаққа шақырылды.

Шара барысында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Кеулімжаев жыйналған халыққа: «Жер дүниені жаңартып, ерте көктемде келетін Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Сізге және сіздің жанұяңызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмысыңызда толағай табыс тілеймін! Жылдан жылға еліміз өрлей берсін, көркейе берсін!»-деп игі тілегін айтты.

«Баршамызға Наурыз мерекесі құтты болсын! Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын!"-деп «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Бердіғали Сүгіров жылы лебізін білдірді.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының» ҚБ төрағасы Марат Темірқасов мырза елімізге тыныштық пен амандық, ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болуын, Жаңа Жыл отбасымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келуін тіледі.

Барлық жиналған халық дастарханда бас қосып, мерекелік думан әуелеген әнмен әрленіп, артынша сұлу да әрі кербез қыз-келіншектердің ұлттық киімдер сайысымен жалғасты. Қазақтың ұлттық киімдерін киген «ОТК» ЖШС сұлу да кербез қыз-келіншектері қазақтың әр жас аралығына қарай киетін ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Әділ қазылардың шешімі бойынша бас жүлде иегері Серіктестіктің жетекші есепшісі – Үмітай Оспанова атанды.

Наурыз мерекесіне орай мұнай-газ өндірісі саласында атқарған көпжылдық адал еңбегі және көлік мекемесінің дамуына қомақты үлес қосып, жоғарғы көрсеткіштерге жеткені үшін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директорының Құрмет грамотасымен Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының одан әрі –МТКБ) №1 автотізбек жүргізушісі Д.Қадиров, №2 автотізбек жүргізушісі – Ә.Нетшеев, Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының техникалық бақылау қызметінің аға шебері – Е.Малаев, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС персоналды басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің 1 дәрежелі еңбек жөніндегі экономисі - А.Жидебаева, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Әлеуметтік саясат және әкімшіліктендіру секторының әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекші маманы – Г.Кенджебаева марапатталды. 

Сонымен қатар, зейнетке шыққан М.Жазықбай және Т.Кусакаев қызметкерлерге осы мекемеде көп жылдық адал еңбегі және көлік мекемесінің дамуына қосқан мол үлесі мен жоғарғы көрсеткіштері үшін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Кеулімжаев алғысын білдіріп, алғыс хаттарды табыстады.

Кейін жиналған дүйім жұрт алаңда ұйымдастырылған арқан тарту жарысын тамашалауға жиналды. «ОТК» ЖШС және МТКБ-ның білекті де, жүректі азаматтары арқан тарту және гір тасын көтеру сынды спорттық ойындарымен өзара бәсекеге түсті. Спорт  түрлерінен өткен  сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сыйлақтармен марапатталды.

Бұдан кейін еттен дәм татуға барлық жиналған қауым киіз үйге шақырылды. Жиналған көпшіліктің көңіл-күйі көтеріңкі болып, құттықтау тілектерін айтып, көктемгі той-думанға белсенді қатысып, мерекені шын жүректен және ұйымшылдықпен қарсы алды.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жыл басы – Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтайды. Әз Наурыз мемлекетімізге, әр отбасыға бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ алып келсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Жарияланған күні: 0



16 қыркүйек 2022

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН «ОТК» ЖШС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

2 қыркүйек 2022

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН «ОТК» ЖШС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ МЕН АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

1 қыркүйек 2022

2022 жылдың жарты жылында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атқарылған жұмыстар есебі


24 тамыз 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2022» жеңімпаздары анықталды

15 тамыз 2022

«ҮЗДІК МАМАН-2022» кәсіби конкурс өткізу туралы хабарландыру

15 тамыз 2022

Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!

2 тамыз 2022

ЖАДНАМА

30 шілде 2022

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балалары жазғы демалыс лагеріне барып дем алды»

4 шілде 2022

Жазғы спартакиада

24 маусым 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-20 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

1 маусым 2022

1 маусым - Балаларды қорғау күніне» және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 20 жылдығына орай қызметкерлердің балалары арасында ««Ата-анам – мақтанышым!» атты қолөнер сайысы өткізілді

13 мамыр 2022

«2021 жылда «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атқарылған жұмыстар есебі»

8 мамыр 2022

9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

6 мамыр 2022

7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күнімен құттықтаймыз!

22 наурыз 2022

Наурыз мейрамы құтты болсын!

14 наурыз 2022

«ОТК» ЖШС «Амал мерекесі» аталып өтті.

7 наурыз 2022

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

1 наурыз 2022

Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

9 қаңтар 2022

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары

30 желтоқсан 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы

28 желтоқсан 2021

Ойл Транспорт Корпорейшэн» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің 2021 жылдың әлеуметтік маңызды іс-шаралар қорытындысы

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2021 жылы әлеуметтік маңызды шаралардың атқарылуы туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, қызметкерлердің назарларына ұсынылды.   

15 желтоқсан 2021

Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.

23 қараша 2021

Спартакиада 2021 бағдарламасы

15 қараша 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады. 


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828