RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жақсы жаңалықтар легі  

таусылмасын!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады.

«Toyota Coaster» маркалы жаңа автобустардың негізгі тапсырыс берушісі – «Oil Services Company» ЖШС-нің (бұдан әрі – «ОSС» ЖШС) Жетібай кен орнындағы ұңғымаларды (ҰКЖ және ҰЖЖ) күрделі және жерасты жөндеу бригадаларын тасымалдайды. Бұл сегіз автобус Ақтау қаласынан ҰКЖ және ҰЖЖ бригадалары жұмысшыларының кен орнына жеткізіп, содан кейін жұмыскерлерді үйлеріне кері алып кетеді. Күніне 365 күн сайын күніне екі рет автобустар осы бағытта жұмыс істейді. Автобустар күніне әрқайсысының жүгірісі 500 км-ге дейін жетсе, жылына 180-200 мың км-ге жетеді. Бұл автобустар екі ауысымды режимде жұмыс атқаратындықтан, олардың әрқайсысына екі жүргізуші бекітілген. Көліктерді үздіксіз және толассыз пайдалану режиміне байланысты осы бағыттағы автопаркті уақытылы жаңарту қажет. Сондықтан бұл автобустарды автопарк иелері де, тапсырыс берушілер де ерекше күткен.

Судай жаңа автобустардың кілттерін табыстау шарасына арнайы «OSC» ЖШС бас директоры Нүркен Жарылғасұлы Таменов және мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Кыдырбекұлы Дарменов шақыртылып, қуанышымызға ортақтасты.

«ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы Турниязов салтанатты шарада сөз алып, қызметкерлерді құттықтады.

-  «Қазан айының соңғы жексенбісі «Көлік қызметкерлер»  күні қарсаңында «ОТК»  ЖШС 8 жаңа автобусымен толықтырылды. Бүгін табысталатын сегіз автобус Жетібай кен орнындағы «OSC» ЖШС мекемесінің маршруттарына арналған. Автобустардың ескіруіне, тасымалдау жағдайларының нашарлауына және жолаушылар тарапынан объективті ескертулерге қарамастан, «OSC» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері жағдайға әрдайым түсіністікпен қарады. Осы орайда  біздің тапсырыс беруші мекемелерімізге жағдайымызға түсіністікпен қарағандарына алғысымды білдіргім келеді», - деп бас директор өзінің құттықтау сөзінде жаңа автобустардың  жүргізушілеріне жолда әрдайым қауіпсіздік сақтап жүруін және сапарларының сәтті болуын тіледі.

«ОSС» ЖШС бас директоры Нүркен Жарылғасұлы құттықтау сөзінде «ОТК» ЖШС өңірдегі жолаушылар тасымалдау қызметінің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін мекемелердің бірі екендігін атап өтті. – «Мекеме қызметкерлерінің біліктілігі мен іскерлігінің арқасында біздің мекемеміздің және тапсырыс берушілердің үмітін ақтап келе жатыр. Алдағы уақытта автопаркте жаңа автобустар қатары көбейіп, қызмет көрсету сапасы жоғарлай беруіне тілекшіміз», - деп тілегін білдірді.

Келесі жылы тағы 10 автобус (8-сыйымдылығы үлкен «Hyindai Universe», 2 – орташа «Toyota Coaster») сатып алу жоспарланған. Болашақта кәсіпорынның дамуы бойынша қойылған мақсатқа да дөп жетіп, көлік қызметтерін көрсету деңгейі арта берсін дейміз.

 

Жарияланған күні: 15 қараша 2021



16 қыркүйек 2022

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН «ОТК» ЖШС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

2 қыркүйек 2022

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН «ОТК» ЖШС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ МЕН АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

1 қыркүйек 2022

2022 жылдың жарты жылында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атқарылған жұмыстар есебі


24 тамыз 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2022» жеңімпаздары анықталды

15 тамыз 2022

«ҮЗДІК МАМАН-2022» кәсіби конкурс өткізу туралы хабарландыру

15 тамыз 2022

Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!

2 тамыз 2022

ЖАДНАМА

30 шілде 2022

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балалары жазғы демалыс лагеріне барып дем алды»

4 шілде 2022

Жазғы спартакиада

24 маусым 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-20 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

1 маусым 2022

1 маусым - Балаларды қорғау күніне» және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 20 жылдығына орай қызметкерлердің балалары арасында ««Ата-анам – мақтанышым!» атты қолөнер сайысы өткізілді

13 мамыр 2022

«2021 жылда «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атқарылған жұмыстар есебі»

8 мамыр 2022

9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

6 мамыр 2022

7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күнімен құттықтаймыз!

22 наурыз 2022

Наурыз мейрамы құтты болсын!

14 наурыз 2022

«ОТК» ЖШС «Амал мерекесі» аталып өтті.

7 наурыз 2022

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

1 наурыз 2022

Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

9 қаңтар 2022

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары

30 желтоқсан 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы

28 желтоқсан 2021

Ойл Транспорт Корпорейшэн» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің 2021 жылдың әлеуметтік маңызды іс-шаралар қорытындысы

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2021 жылы әлеуметтік маңызды шаралардың атқарылуы туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, қызметкерлердің назарларына ұсынылды.   

15 желтоқсан 2021

Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.

23 қараша 2021

Спартакиада 2021 бағдарламасы

15 қараша 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады. 


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828