RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды

Ағымдағы жылдың «9» шілде күні «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС) автобус жүргізушілері арасында үздіктердің үздігін анықтайтын байқау өтті. «Үздік маман-2021» дәстүрлі байқау біздің серіктестігімізде 10 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Алты жыл бойы «Үздік маман ҚМГ» жалпы конкурсы аясында өткізіліп келе жатыр.

«Үздік маман» құрметті атағынан бөлек, байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері ақшалай өтемақыдан басқа, 1 - орын үшін жалақыға 30%, 2 – орын үшін жалақыға 20% және 3-орын үшін жалақыға 10% қосымша ақы жыл бойы төленетін болады.  

Аталмыш байқауға қатысуға берілген өтінімдер мен іріктеуге сәйкес 10 қызметкер бағын сынады. Байқаудың Регламентіне сай қызметкерлердің еңбек өтілі, біліктілігі, тиісті санаттары бар жүргізуші куәліктері және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру туралы куәліктері, ескертулер мен бұзушылықтардың болмауы, т.б. тексеріліп, қызметкерлер байқауға қатысуға жолдама алды.

Жиналған қауымның  алдында сөз сөйлеген мекеменің бас директоры Ербол Ералыулы Турниязов: «Автобус жүргізушісі - бұл мақтаулы мамандық. Күн сайын серіктестіктің әрбір жүргізушісі кен орындарына, алыс объектілерге жұмыскерлерді тасымалдайды. Сіз өз кәсібилігіңізді күнделікті өз жұмысыңызбен дәлелдеп жүрсіздер, соның нәтижесі серіктестіктің тапсырыс берушілер алдындағы барлық шарттарды мүлтіксіз орындап келеміз. Бүгінгі байқау үздіктердің ішінен үздіктерді анықтауы керек. Байқауға қатысушыларына сәттілік тілеймін. Қазылар алқасы, төрешілер және нұсқаушылар бұл байқауда әділ шешім қабылдайды деп ойлаймын. Ең мықтылар жеңіс тұғырынан көрінciн!» - деп қызметкерлерге байқауда табандылық көрсетуін және жеңіске жетулерін тіледі.

Байқауда «ОТК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ҚБ төрағасы Марат Бөребайұлы Темірқасов: «Еңбек иелерін кәсіби шеберлікке насихаттайтын бұл байқауға қызметкерлерді белсенді қатысуға шақырды. Осындай кәсіби шеберлік байқау қызметкерлерді жеңіске әкелу ғана емес, біліктілігін, білімін жетілдіріп, шыңдап отыруға көмектесетінін», - айтып өтті.

Бірінші теориялық кезеңнен сүрінбей өткен қызметкерлер екінші практикалық кезеңге дайындала бастады. Екінші кезең мекеменің арнайы дайындалған, қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған алаңда өтті. Қорытындылау барысында комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына, теориялық дайындық деңгейіне көңіл бөліп, жеңіске лайықты үздікті таңдады. Байқаудың үздік мамандарына жүлделерін комиссия мүшелерінің төрағасы Нұрлан Жабагиевич Құрмашев тапсырды. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының ІІ автотізбегінің жүргізушісі Сержан Найзабекұлы Уттибаев жеңіп алса, жүлделі екінші орынға І автотізбектің жүргізушісі Досан Ізбасарұлы Райсов ие болды.

Бірінші орын жүлдегері Сержан Уттибаев өзінің сөзінде: «Жеңістің артында қаншама еңбек, қаншама тер жатыр. Бұл жеңіске табандылығымыздың, қайсарлығымыз бен біліміміздің арқасында жетіп отырмыз. Маған әрдайым қолдау көрсетіп, білмегенімді үйретіп, білгенімді мақтап отыратын ағаларыма алғыс айтамын» - деп, жылы лебізін аға қызметкерлерге білдірді.

Жеңісті қанжығасына байлаған қызметкерлерді шын жүректен құттықтай отыра, мекемедегі атқарып жүрген маңызды борышын абыроймен атқара берулерін тілейміз. 

Жарияланған күні: 0



31 желтоқсан 2016

Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! 

23 қараша 2016

2016ж. IV тоқсанында кәсіподақ кездесу хаттамасына сәйкес проблемалық мәселелерді шешу үшін арналған іс-шаралар жоспары

2016ж. IV тоқсанында  кәсіподақ кездесу хаттамасына сәйкес проблемалық мәселелерді шешу үшін арналған іс-шаралар жоспары және 16.11.2016 жылғы жұмыс күшінің басшылықпен жоспардан тыс кездесуі туралы

3 қараша 2016

2016ж. 1 жарты жылдығына арналған іс-шарлардың орындалуы туралы ақпарат

2016ж. 1 жарты жылдығына арналған іс-шарлардың орындалуы туралы ақпарат 

1 қараша 2016

Жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген «шағын футбол» арасындағы жарыстың жеңімпаздары

Жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген «шағын футбол» арасындағы жарыстың жеңімпаздары 

8 қазан 2016

ҮЗДІК МАМАН- 2016 «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ  еншілес  және тәуелді ұйымдардың жұмыскерлері арасында жүргізушілердің шеберлігі бойынша «Үздік маман-2016» Қаламқас кен  орнында біздің мекеме  жастар кеңесімен бірлесіп бұл шараны жоғары деңгейде өткізді.  

29 қыркүйек 2016

Жастар cайысы

Жас мамандардың  ұйымдастыруымен  өткізілген «шағын футбол» арасындағы  жарыстың жеңімпаздары: 

18 қыркүйек 2016

Шағын футбол туралы хабарландыру

14.09.2016 ж. сағат  18:30,  17.09.2016 ж.  сағат15:00-де « Ақтау ойын сауда кешенінде» ӘБ, МТКБ, ЖТКБ, ОЖЦ, БТКБ арасында жас мамандардың ұйымдастырумен шағын футболдан жарыс өтетіндігін, сонымен қатар 14.09.,17.09 күні жарыс 1 сағатқа созылуына байланысты    21.09.16ж күні шағын футбол болмайтынын хабарлаймыз. 

2 қыркүйек 2016

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймыз!

Жер қойнауынан қара алтынды игеріп, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз. Әрқашан да жасампаз еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп, Тәуелсіз Қазақ елінің туы биік, тұғыры мықты болып, қарыштап дамуы үшін қажырлы үлестеріңізді қоса беріңіздер! Алдағы уақытта мұнайшылар қауымының асқаралы асуларды бағындырып, асқақ биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

26 тамыз 2016

2016 ж 1-жарты жылдығындағы Бірінші басшының кездесулері

3 тамыз 2016

2016 жылдың 1 жарты жылдық есебі

Бірінші басшының есептік кездесуінде ұжымға жеткізілетін ақпараты

18 шілде 2016

«Үздік маман-2016»

2016  жылдың 9 шілдесі күні ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» бойынша кәсіби шеберлікті анықтау мақсатында өткізілген «Үздік  маман » сайысының  жарысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша келесі орындар беріліп, «Үздік маман» анықталды: 

30 мамыр 2016

«Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр» қайырымдылық акциясы.

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобында КМГ Жастар кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр»  қайырымдылық акциясы  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері тарапынан жылы қабылданып, қолдау тапты.  

23 мамыр 2016

2015 жылға Бірінші басшының есеп беру құжаттамасы


4 мамыр 2016

Наурыз мейрамына арнап 15.03.2016 Ж өткен ЖШС «ОТК» мекеме ішілік «ШАҒЫН ФУТБОЛДАН» өткен жарыс


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828