RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Ойл Транспорт Корпорэйшн» ЖШС мұнай және газ саласы кешенінің қызметкерлері мерекесі күнімен құттықтап, «Үздік маман – 2020» жеңімпаздары анықталды.

Дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсы «Үздік маман – 2020» биыл «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі «ОТК») кадр құрамының еңбек уәждемесін қолдау, қызметкерлердің кәсіптерінің беделін күшейту және олардың кәсіби шеберлік деңгейін арттыру мақсатында конкурстың бірінші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Конкурсты өткізу кезінде барлық қатысушы қызметкерлерге міндетті түрде сақталуы тиіс шаралар түсіндіріліп, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігі ескертілді. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында конкурсты ұйымдастыру шараларына көп қызметкерлер жұмылдырылған жоқ.

Жарыстың ашылу салтанатында «ОТК» ЖШС өндіріс жөніндегі орынбасары Бердіғали Сүгіров сөз алып, мұнай және газ саласы кешені қызметкерлер мерекесімен құттықтай отыра, байқаудың өткізу маңыздылығына тоқтала кетті.

«Барша мұнай саласының қызметкерлерін және сала ардагерлерін «ОТК» ЖШС ұжымынан және жеке өз атымнан Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осындай айтулы күні Сіздерге денсаулық, отбасыңызға амандық және мұнай-газ саласында атқарып жатқан игі қызметіңізде табыс пен береке тілеймін! Өңірімізде вирустың жұғу қарқыны бәсеңдеп, карантиндік жағдай режимінің талаптары кезең – кезеңімен жеңілдетіліп, жұмыс қарқыны жандана бастады. Соған орай, санитарлық нормаларды сақтай отыра, бұл байқауды өткізуге шешім қабылданған болатын. Бұл байқау әрине, жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіні белгілі. Жұмыстың  қыр-сырын меңгере отырып, жұмысшылар біліктілікті жетілдіруге, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді» - деді ол.

«Еліміздің басына түскен пандемия кезеңінде орын алған қиыншылықтарға қарамастан, ұйым қызметкерлерін өнімді жұмысқа ынталандыру, сол жұмыс әлеуетін сақтау да өте маңызды. Бұл бәсекеде қатысушылар бақ сынап қана қоймай, біліктілік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Осы бәсекеде ең мықты да тәжірибелі қатысушы жеңіске жетеді деген сенімдеміз», - дейді «ОТК» ЖШС бас директорының персоналды басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Нұрлан Құрмашев.

Дәстүрлі сайысқа мекеме ішінен 8 қызметкер қатысты. Қатысушылар дене қызуы өлшеніп, медициналық тексерістен өтіп, денсаулық көрсеткіштері тексерілді. Ереже бойынша сайыс екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең теориялық тесттен тұрса, екінші кезең тәжірибелік сайыспен аяқталды. Сайыс ұйымдастырылып отырған аумақтағы тұлғаларға еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, жол қауіпсіздігі және өт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілгеннен кейін қатысушылар теориялық тесті тапсыру кезеңіне кірісіп кетті. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен қатысушылар партикалық кезеңге жолдама алды. Комиссия мүшелері ережелердің сақталуын мен талаптардың орындалуын мұқият қадағалап отырды. Практикалық кезеңде қиын бөгеттерден өту үшін әрі белгіленген уақытта аяқтау үшін қатысушыларға қиындық тудырды. Нәтижесінде жоғары дайындықпен ерекшеленген қатысушылар алға суырылып, қырағылық пен сақтықты көрсете алғанМТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Ислам Құлынтаев бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын иегері МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Қанат Рахимов атанса, үшінші орынға МТКБ №1 автотізбек жүргізушісі Досан Райсов жайғасты. Жарыс жеңімпаздарына диплом табыс етіліп, алдағы уақытта жаңа жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар ұйым қызметкерлеріне ҚР энергетика министрлігінен Мұнай және газ саласы кешені қызметкерлерінің күні мерекесіне орай кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ осы салада ұзық жылғы еңбектерімен, қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін алғыс хаттар және құрмет грамоталары табысталды.

Бұл кәсіби мерекеде барша қызметкерлердің отбасыларына бақыт, дендерінее саулық және істеріңізге береке тілейміз! Байқауға қатысқан барлық қатысушылардың еңбектеріне табыс тілей отырып, алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілек білдіреміз!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС әкімшілігі

Жарияланған күні: 0



16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты

18 желтоқсан 2023

"West Oil Software" ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатырған ереуіліне қатысты мәлімдеме.

5 желтоқсан 2023

Кайдзен

29 қазан 2023

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС үздік деп танылды

29 тамыз 2023

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балаларының демалысы туралы мақала және фотосуреттер

10 тамыз 2023

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы

8 тамыз 2023

Танысуға арналған материалдар

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

2 маусым 2023

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі өрендер» байқауы өтті

5 мамыр 2023

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


14 наурыз 2023

Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті

2 наурыз 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз

26 қаңтар 2023

«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

19 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.

12 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

3 желтоқсан 2022

«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті

30 қараша 2022

Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды

21 қараша 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828