RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жақсы жаңалықтар легі  

таусылмасын!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады.

«Toyota Coaster» маркалы жаңа автобустардың негізгі тапсырыс берушісі – «Oil Services Company» ЖШС-нің (бұдан әрі – «ОSС» ЖШС) Жетібай кен орнындағы ұңғымаларды (ҰКЖ және ҰЖЖ) күрделі және жерасты жөндеу бригадаларын тасымалдайды. Бұл сегіз автобус Ақтау қаласынан ҰКЖ және ҰЖЖ бригадалары жұмысшыларының кен орнына жеткізіп, содан кейін жұмыскерлерді үйлеріне кері алып кетеді. Күніне 365 күн сайын күніне екі рет автобустар осы бағытта жұмыс істейді. Автобустар күніне әрқайсысының жүгірісі 500 км-ге дейін жетсе, жылына 180-200 мың км-ге жетеді. Бұл автобустар екі ауысымды режимде жұмыс атқаратындықтан, олардың әрқайсысына екі жүргізуші бекітілген. Көліктерді үздіксіз және толассыз пайдалану режиміне байланысты осы бағыттағы автопаркті уақытылы жаңарту қажет. Сондықтан бұл автобустарды автопарк иелері де, тапсырыс берушілер де ерекше күткен.

Судай жаңа автобустардың кілттерін табыстау шарасына арнайы «OSC» ЖШС бас директоры Нүркен Жарылғасұлы Таменов және мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Кыдырбекұлы Дарменов шақыртылып, қуанышымызға ортақтасты.

«ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы Турниязов салтанатты шарада сөз алып, қызметкерлерді құттықтады.

-  «Қазан айының соңғы жексенбісі «Көлік қызметкерлер»  күні қарсаңында «ОТК»  ЖШС 8 жаңа автобусымен толықтырылды. Бүгін табысталатын сегіз автобус Жетібай кен орнындағы «OSC» ЖШС мекемесінің маршруттарына арналған. Автобустардың ескіруіне, тасымалдау жағдайларының нашарлауына және жолаушылар тарапынан объективті ескертулерге қарамастан, «OSC» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері жағдайға әрдайым түсіністікпен қарады. Осы орайда  біздің тапсырыс беруші мекемелерімізге жағдайымызға түсіністікпен қарағандарына алғысымды білдіргім келеді», - деп бас директор өзінің құттықтау сөзінде жаңа автобустардың  жүргізушілеріне жолда әрдайым қауіпсіздік сақтап жүруін және сапарларының сәтті болуын тіледі.

«ОSС» ЖШС бас директоры Нүркен Жарылғасұлы құттықтау сөзінде «ОТК» ЖШС өңірдегі жолаушылар тасымалдау қызметінің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін мекемелердің бірі екендігін атап өтті. – «Мекеме қызметкерлерінің біліктілігі мен іскерлігінің арқасында біздің мекемеміздің және тапсырыс берушілердің үмітін ақтап келе жатыр. Алдағы уақытта автопаркте жаңа автобустар қатары көбейіп, қызмет көрсету сапасы жоғарлай беруіне тілекшіміз», - деп тілегін білдірді.

Келесі жылы тағы 10 автобус (8-сыйымдылығы үлкен «Hyindai Universe», 2 – орташа «Toyota Coaster») сатып алу жоспарланған. Болашақта кәсіпорынның дамуы бойынша қойылған мақсатқа да дөп жетіп, көлік қызметтерін көрсету деңгейі арта берсін дейміз.

 

Жарияланған күні: 0



29 тамыз 2019

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Жеткергенұлы Кеулімжаев әріптестерін Қазақстан мұнайының 120 жылдығымен құттықтады

Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан мұнайына 120 жыл толуымен «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС мен өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз тәуелсіздік туын тұғырға қондырған еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуына, халқымыздың әл-ауқатын жақсарта түсу жолындағы толассыз еңбектеріңізге табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз. 

28 тамыз 2019

Қазақстан мұнайының 120 жылдық төл мерекесі аталып өтті

Қазақстан мұнайының 120 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС салтанатты жиын өткізілді. Бұл жиында мұнай саласына өз үлесін қосқан майталман қызметкерлерге «Қазақстан мұнайына 120 жыл» атты төсбелгілері табысталды. Айшықты мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада мекеме басшылығы қызметкерлерді үлкен мерейтоймен және мұнайшылардың кәсіби мерекесімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. 

26 шілде 2019

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2019 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебі

Сіздердің назарларыңызға 25 шілде 2019 ж. өткен Бірінші басшының жарты жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесуінің есебін ұсынамыз.

 

4 шілде 2019

«Үздік маман – 2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің Маңғыстау техникалық көлік басқармасы (бұдан әрі – МТКБ) аумағында автокөлік жүзгізушілері арасында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсы жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіні белгілі.  

29 мамыр 2019

Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.

Барша адамзат үшін 1 маусым ең мейірімді, ең көңілді әрі ерекше күн болып саналады. Себебі бұл күн – халықаралық  балаларды қорғау күні.  

4 мамыр 2019

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын

Мамырдың 4 жұлдызы «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС әйелдер қауымы ұжымдағы ер азаматтарға «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырды. 

12 сәуір 2019

Осн-Неликвиды 31 марта 2019г

10 сәуір 2019

2018 жылғы атқарылған жұмыстар есебі

19 наурыз 2019

ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ ӘЗ НАУРЫЗ! «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН 19 НАУРЫЗДА АТАП ӨТТІ

Қазақ даласына көктемдей нұрлы, күн дидарлы шуақты күндермен қатар келетін Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі әрі орны бөлек мейрамдардың бірі болып саналады. 

14 наурыз 2019

Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14–наурыз «Амал» мерекесі немесе «Көрісу» күні Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары асыға күткен мереке де келіп жетті.Осындай керемет мейрам туралы қысқаша мәлімет беріп өтейік. Тарихында көшпелі ғұмыр кешіп, шеті мен шегі жоқ далада тарыдай шашылып, киіз үйде тұрған қазақ халқы қар еріп, жер жіби бастағанда туған-туыс, жақын-жұрағатын іздеп, үскірік аязды алты ай қыстан мал-жанның аман-есен шыққанына шүкіршілік қылып бір-бірімен көріскен. 

7 наурыз 2019

8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сұлулық пен шуақты көктем мейрамы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС ер азаматтарының ұйымдастыруында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік ән шырқалып, шақырылған аруларға гүл шоқтары тарту етілді. 

19 ақпан 2019

Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым!

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.  

14 желтоқсан 2018

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «West Oil Software» ЖШС және «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС-терінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиындар өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-інде және сенімгерлік басқарушы мекемелерінде салтанатты жиын өтті. 

10 желтоқсан 2018

Итоги Спартакиады ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн», организованной ко Дню Первого Президента РК и ко Дню независимости РК

В период с 05 по 09 декабря 2018 года прошла Спартакиада ТОО "Ойл Транспорт Корпорейшэн", посвященная Дню Первого Президента РК и Дню независимости РК. Участники соревновались в пяти видах спорта (мини-футбол, волейбол, настольный теннис, шахматы, армрестлинг). 

4 желтоқсан 2018

Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күніне» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Спартакиада бағдарламасы

Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күніне» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Спартакиада бағдарламасы 

15 қараша 2018

«Қызан» қорымы

ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» серіктестігі басқармасы Қызан селосынан 2 км шығыс бағытында орналасқан  «Қызан» қорымында жұмыстар жүргізілді  

12 қыркүйек 2018

2018 жылдың бірінші жартысының нәтижелері бойынша Бас директордың жұмыс ұжымына есеп беруін ұсынамыз

2018 жылдың бірінші жартысының нәтижелері бойынша Бас директордың жұмыс ұжымына есеп беруін ұсынамыз 

5 қыркүйек 2018

365 қауіпсіз күн-100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында

3 мамыр 2018

«ҚазМұнайГаз» кемелдену жолында – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдыру

Біз соңғы үш жылдың қорытындысын келтіре отырып, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде маңызды табыстарға қол жеткізгенімізді мойындауға болады. Дегенмен, біз өз қызметкерлеріміздің, активтердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күшімізді ұдайы жұмсауға тиіспіз. 

28 сәуір 2018

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы- Кемелдену жолында 27.04.2018г

7 наурыз 2018

"ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік: Біз алға қадам басамыз!

17 қаңтар 2018

"ҚазМұнайГаз" АҚ ҰҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы

Жаңа еңбек жылын бастай отырып,  ҚазМұнайГаз компания тобының (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қосқан үлесін бағалау қажет.  

6 наурыз 2017

Жұмысшылардың көтерген мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар жоспары

Жұмысшылардың көтерген мәселелерін шешу үшін Бірінші Басшы және жұмысшылардың (Кәсіподақ) өкілдерімен кездесулер бойынша іс-шаралар жоспары  

1 наурыз 2017

2016 жылы атқарылған жұмыстар есебі

Бірінші басшының есептік кездесуінде ұжымға жеткізілетін ақпарат:  

Тараптардың атауы

1

Өндірістік-экономикалық көрсеткіштер, инвестициялық  жоспарлар туралы

2

Мекеменің өндірістік қиындықтары туралы 


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828