KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы

Жаңа жылда игерейік табыстың жаңа шыңын!

Жаңа жылда жаңа мақсаттар

ХХІ ғасырдың тағы бір табысты да түйткілді жылы артта қалып барады. Барша адамзат баласы ерекше көңілмен жаңа жылдан жақсылық күтіп, табысқа жетуге және келесі жылы амандықта жүздесуге асығады. Текті де қайсар барыс еншісіне берілген келер жыл қандай несібе тосарын алдағы уақыт көрсете жатар. Ал, Біздің мақсатымыз биылғы жылды жақсы жаңалықтармен қорытындылап, келер жылды жаңа жоспарлар мен идеялармен қарсы алу. Келер жылдан күтетін үміттеріміз көп. Барыс жылы айтулы жылдардың бірі болмақ.

Өткен он екі айда мекемеміздің басынан өткерген сан алуан жағдайлардың ішінен саралап, жалаулы оқиғаларға оймен шолып, жаңалықтарымызды айтып өтейік.

Жалпы, еліміз үшін 2021 маңызды оқиғалар мен толайым табыстарға толы жыл болды. Біздің «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС  үшін де табысты да жемісті және жеңісті күндерге толы болды деп айтуға болады. Біз үлкен еңбек ұжымы болып, көптеген ауқымды жұмыстар атқардық. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды. Тапсырыс берушілермен ынтымақтастығымыз нығайып, бірлескен жұмысымыз одан әрі қарай жандана береді деп үміттенеміз.

Елеулі оқиғалар қатарында – автотұрағымыздың жаңаруы. Бұл жаңалық қызметкерлер мен Тапсырыс берушілерді қуантып, жұмыстың одан әрі өрлеуіне жол ашты. Бір жылдың ішінде судай жаңа 12 автобустар соның ішінде 4 үлкен кластағы заманауи «Hyindai Universе» автобустары мен «Toyota Coaster» маркалы автобустарының 8 бірлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қаржылық қолдауымен сатып алынды. Келесі жылы тағы 10 автобус (8-сыйымдылығы үлкен «Hyindai Universe», 2 – орташа «Toyota Coaster») сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жаңа көліктер Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты кәсіпорындарға вахталық және кәсіпішілік ішкі тасымалдау бойынша қызметтерді ойдағыдай атқарып келеді.

Жыл соңын қорытындылай келе мекемеміздің барлық қызметкерлеріне 2021 жылы арқарған белсенділік пен адал еңбектері үшін алғыс айтамын. Біз барлық табысқа бір жұдырық боп жұмыла жұмыс істегеніміздің, жауапкершілігіміз бен мақсатқа жету жолындағы табан­дылы­ғымыздың арқасында қол жеткіздік деп білемін. Алдағы 2022 жыл осы ұстанымымызды одан әрі нығайтып, жаңа жеңістер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Толассыз еңбектеріңіз әрдайым жемісті болғай!

Келе жатырған 2022 жыл кең байтақ еліміз үшін құт-береке әкелсін! Сіздердің еліміз үшін өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін. Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңіздер! Бұл жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Келе жатқан тышқан жылына ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басайық!

Ізгі ниетпен,

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Е.Е. Турниязов

Дата публикации: 0



18 июля 2016

«Үздік маман-2016»

2016  жылдың 9 шілдесі күні ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» бойынша кәсіби шеберлікті анықтау мақсатында өткізілген «Үздік  маман » сайысының  жарысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша келесі орындар беріліп, «Үздік маман» анықталды: 

30 мая 2016

Благотворительная акция «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр».

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобында КМГ Жастар кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр»  қайырымдылық акциясы  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері тарапынан жылы қабылданып, қолдау тапты.  

23 мая 2016

Іс-шаралар жоспары

4 мая 2016

Соревнования по «Мини Футболу» который прошёл 15.03. 2016г среди работников ТОО «ОТК» в честь праздника «НАУРЫЗ»