Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС спартакиада өткізді
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі — «ОТК») және «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Спартакиада ұйымдастырылып, бекітілген кестеге сәйкес «26» және «29» қараша күндері өткізілді.
«26» қараша күні спорттық шараның алғашқы күнінде ашылу салтанаты өткізіліп, шахмат жарысы басталып кетті. Ал «29» қараша күні Маңғыстау Аренада кіші футбол, волейбол, теннис және қол күрес жарыстары өтті. Жарыста «ОТК» ЖШС әкімшілік басқарма, Маңғыстау технологиялық көлік басқарма (бұдан әрі – МТКБ) және инженерлік-техникалық қызметкерлері (бұдан әрі – ИТҚ) және «ОТК» ЖШС мердігер ұйым қызметкерлері бақ сынасты.
«Тәуелсіздігіміздің мерейлі тойында Спартакиада өткізу «ОТК» ЖШС үшін дәстүрге айналды. 30 жыл бұрын қол жеткізген – Тәуелсіздік халықтың күш-жігері мен еңбексүйгіштігінің арқасында Республикамызды үлкен жетістіктерге жеткізді. Осы айтулы мерекеге орай спартакиаданың өтуі де бекер емес. Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалануы және оларды спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Мекемеміз спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырдық. 2020 жылы карантиндік шектеу шаралары бірқатар спорттық шараларды ұйымдастыруға кері әсірін тигізіп, шаралардың өткізілуіне тиым салынған болатын. Осы жолы өткізіліп жатырған шараны жаңа күшпен, еселенген екпінмен қайта бастап жатырғанымызға қуаныштымыз. Спорт сүйер қауымға сәттілік пен жеңіс тілеймін» - деп қатысушыларға «ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы жылы лебізін білдірді.
Аталмыш сайыстарға «ОТК» ЖШС-нен төрт команда құралып, өзара мықтыларды анықтау үшін қызу жарысқа түсті. Спорттық шараның бастамасы болған шахмат ойынында бабы келісіп, бағын сынауға бел буған қызметкерлер ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеді. Жүлделі І орынды МТКБ слесарь қызметкер Жамбыл Сабитаев иеленді. ІІ орынға «ОТК» ЖШС өндірістік-техникалық бөлім басшысы Нұртас Арипов ие болды. ІІІ орын МТКБ көлік жүргізушісі Досан Райсовқа бұйырды.
Волейбол ойынының байрақты бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салған МТКБ командасы алға суырылып шықты. Жеңісті қанжығасына МТКБ командасы байласа, белсенді ӘБҚ командасы екінші орын жүлдегері атанды. Үшінші орын иегері инженерлік-техникалық қызметкерлер болды.
Қимыл-қозғалыстың тездігі мен шабуылдың шапшаңдығымен өзіне қатты қызықтыратын ойынның бірі теннис өте қызықты өтті. Жоғары қозғалыс белсенділігімен, шапшаңдғы мен ептілігімен ерекшеленген Жасұлан Аманқосов тартысты жарыстың жеңімпазы атанды. Шеберліктері деңгейлес екі сыралғы қарсылас – Нұрлан Құрмашев және Арман Исатаев екінші орынға тартысып, сәл басымдылықпен Арман Исатаев жеңіске жетті.
Шағын-футбол жарысында қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Бірінші орынды өздерінің бірліктерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының қызметкерлерінен құралған командасы ұтып алды. Екінші орынды «ОТК» ЖШС әкімшілік басқарма қызметкерлері (бұдан әрі – ӘБК) иеленді. Жүлделі үшінші орынды ОТК мердігер ұйым ұтып алды.
Қол күресінен Еркін Ермуханов бас жүлде иегері атанды. Екінші орынды Кази Шамьянов иеленсе, үшінші орынды Есенаман Сағындыков ұтып алды.
. Бірінші орын үшін – 3 ұпай, екінші орын үшін – 2 ұпай, төртінші орын – 1 ұпай. Спортшылары жақсы дайындықтың арқасында жалпы командалық есеп бойынша топ жарған ӘБҚ командасы болды. Жабылу салтанатында жеңіске жеткен команда мүшелері ақшалай жүлделермен марапатталып, дипломдар табысталды. Үздік ойыншылар жеке номинацияларға да иеленді.
Дата публикации: 0
1 июня 2020
1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!
1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!
7 мая 2020
9 мамыр Жеңіс күніне арналған құттықтау
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Бүгін келіп жеткен салмағы да маңызы да елеулі мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Биыл адамзат тарихында мәңгілік сақталып қалған сұм соғыстың аяқталғанына 75 жыл толды.
10 апреля 2020
Бас директордың ұжымға үндеуі / Обращение генерального директора к коллективу
Қазіргі таңда инфекцияның күллі әлемге лезде таралуына байланысты адамдардың тұрмысы мен өмір сүру жағдайлары да бір сәтте өзгеруде.
25 марта 2020
Председатель правления АО НК «КазМунайГаз» Алик Айдарбаев провел заседание оперативного штаба
АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ, Компания), принимая во внимание режим чрезвычайного положения и осознавая ответственность перед своими работниками и всеми заинтересованными сторонами, а также следуя принципам открытости и прозрачности, сообщает о реализуемых мероприятиях по профилактике недопущения распространения коронавирусной инфекции.
25 марта 2020
Касательно мер по профилактике и недопущению распространения коронавирусной инфекции в ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн»
В соответствии с Указом Президента РК от 15 марта 2020 года №285 «О введении чрезвычайного положения в Республики Казахстан» в целях обеспечения безопасности работников компании, ТОО "Ойл Траспорт Корпорейшэн" с 16 марта 2020 года усилили работы по профилактике и недопущению распространения коронавирусной инфекции.
27 января 2020
Құрметті отандастар!
Биыл – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы. 10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!
25 декабря 2019
Құрметті әріптестер!
Келе жатырған 2020 жыл кең байтақ еліміз үшін құт-береке әкелсін! Сіздердің еліміз үшін өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін. Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңіздер! Бұл жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Келе жатқан тышқан жылына ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басайық!
10 декабря 2019
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» аясында Спартакиада өткізілді
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4-8 күндері аралығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің (бұдан әрі — «ОТК») ұйымдастыруымен және «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС (бұдан әрі — «БТҚ») мен «West Oil Software» ЖШС-ің (бұдан әрі — «WOS») қолдауымен ІІ-Спартакиада өткізілді.
4 сентября 2019
Еңбегі еленген азаматтар
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС ұжымы және «Жас мамандар кеңесі» мүшелерімен бірге «Қазақстан мұнайына 120 жылдығы» және мұнай кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өндірісте жарақат алған қызметкерлерді көңілден таса қалдырмай, құрмет көрсетті.
3 сентября 2019
Бірінші басшының жарты жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесуінің хаттамасы бойынша іс-шара
Бірінші басшының жарты жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесуінің хаттамасы бойынша іс-шара.
2 сентября 2019
БІЗДІҢ МІНДЕТ – АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ
«Ардагерлеріміз – мақтанышымыз! Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз! Ардагерлеріміз – қазынамыз!» деген девизді ұстанған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС) «Қазақстан мұнайының 120 жылдығын» және мұнай-газ саласының қызметкерлерінің төл мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.
30 августа 2019
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Жеткергенұлы Кеулімжаев Конституция күнімен құттықтады
Құрметті қазақстандықтар!Тәуелсіздігіміз бен еңселі егемендігіміздің тірегі болған Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
29 августа 2019
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Жеткергенұлы Кеулімжаев әріптестерін Қазақстан мұнайының 120 жылдығымен құттықтады
Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан мұнайына 120 жыл толуымен «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС мен өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз тәуелсіздік туын тұғырға қондырған еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуына, халқымыздың әл-ауқатын жақсарта түсу жолындағы толассыз еңбектеріңізге табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз.
28 августа 2019
Қазақстан мұнайының 120 жылдық төл мерекесі аталып өтті
Қазақстан мұнайының 120 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС салтанатты жиын өткізілді. Бұл жиында мұнай саласына өз үлесін қосқан майталман қызметкерлерге «Қазақстан мұнайына 120 жыл» атты төсбелгілері табысталды. Айшықты мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада мекеме басшылығы қызметкерлерді үлкен мерейтоймен және мұнайшылардың кәсіби мерекесімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
26 июля 2019
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2019 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар есебі
Сіздердің назарларыңызға 25 шілде 2019 ж. өткен Бірінші басшының жарты жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесуінің есебін ұсынамыз.
4 июля 2019
«Үздік маман – 2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің Маңғыстау техникалық көлік басқармасы (бұдан әрі – МТКБ) аумағында автокөлік жүзгізушілері арасында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсы жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіні белгілі.
29 мая 2019
Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.
Барша адамзат үшін 1 маусым ең мейірімді, ең көңілді әрі ерекше күн болып саналады. Себебі бұл күн – халықаралық балаларды қорғау күні.
4 мая 2019
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын
Мамырдың 4 жұлдызы «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС әйелдер қауымы ұжымдағы ер азаматтарға «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырды.
12 апреля 2019
Осн-Неликвиды 31 марта 2019 г
Осн-Неликвиды 31 марта 2019 г
10 апреля 2019
2018 жылғы атқарылған жұмыстар есебі
2018 жылғы атқарылған жұмыстар есебі
19 марта 2019
ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ ӘЗ НАУРЫЗ! «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН 19 НАУРЫЗДА АТАП ӨТТІ
Қазақ даласына көктемдей нұрлы, күн дидарлы шуақты күндермен қатар келетін Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі әрі орны бөлек мейрамдардың бірі болып саналады.
14 марта 2019
Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу
Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14–наурыз «Амал» мерекесі немесе «Көрісу» күні Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары асыға күткен мереке де келіп жетті.Осындай керемет мейрам туралы қысқаша мәлімет беріп өтейік. Тарихында көшпелі ғұмыр кешіп, шеті мен шегі жоқ далада тарыдай шашылып, киіз үйде тұрған қазақ халқы қар еріп, жер жіби бастағанда туған-туыс, жақын-жұрағатын іздеп, үскірік аязды алты ай қыстан мал-жанның аман-есен шыққанына шүкіршілік қылып бір-бірімен көріскен.
7 марта 2019
8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Сұлулық пен шуақты көктем мейрамы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС ер азаматтарының ұйымдастыруында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік ән шырқалып, шақырылған аруларға гүл шоқтары тарту етілді.
19 февраля 2019
Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым!
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.
Жакупов Чингиз Сеильбекович
Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»
Почта: ch.zhakupov@otc.kmg.kz
Телефон: +7 72 92 21 63 38
