KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы

Жаңа жылда игерейік табыстың жаңа шыңын!

Жаңа жылда жаңа мақсаттар

ХХІ ғасырдың тағы бір табысты да түйткілді жылы артта қалып барады. Барша адамзат баласы ерекше көңілмен жаңа жылдан жақсылық күтіп, табысқа жетуге және келесі жылы амандықта жүздесуге асығады. Текті де қайсар барыс еншісіне берілген келер жыл қандай несібе тосарын алдағы уақыт көрсете жатар. Ал, Біздің мақсатымыз биылғы жылды жақсы жаңалықтармен қорытындылап, келер жылды жаңа жоспарлар мен идеялармен қарсы алу. Келер жылдан күтетін үміттеріміз көп. Барыс жылы айтулы жылдардың бірі болмақ.

Өткен он екі айда мекемеміздің басынан өткерген сан алуан жағдайлардың ішінен саралап, жалаулы оқиғаларға оймен шолып, жаңалықтарымызды айтып өтейік.

Жалпы, еліміз үшін 2021 маңызды оқиғалар мен толайым табыстарға толы жыл болды. Біздің «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС  үшін де табысты да жемісті және жеңісті күндерге толы болды деп айтуға болады. Біз үлкен еңбек ұжымы болып, көптеген ауқымды жұмыстар атқардық. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды. Тапсырыс берушілермен ынтымақтастығымыз нығайып, бірлескен жұмысымыз одан әрі қарай жандана береді деп үміттенеміз.

Елеулі оқиғалар қатарында – автотұрағымыздың жаңаруы. Бұл жаңалық қызметкерлер мен Тапсырыс берушілерді қуантып, жұмыстың одан әрі өрлеуіне жол ашты. Бір жылдың ішінде судай жаңа 12 автобустар соның ішінде 4 үлкен кластағы заманауи «Hyindai Universе» автобустары мен «Toyota Coaster» маркалы автобустарының 8 бірлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қаржылық қолдауымен сатып алынды. Келесі жылы тағы 10 автобус (8-сыйымдылығы үлкен «Hyindai Universe», 2 – орташа «Toyota Coaster») сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жаңа көліктер Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты кәсіпорындарға вахталық және кәсіпішілік ішкі тасымалдау бойынша қызметтерді ойдағыдай атқарып келеді.

Жыл соңын қорытындылай келе мекемеміздің барлық қызметкерлеріне 2021 жылы арқарған белсенділік пен адал еңбектері үшін алғыс айтамын. Біз барлық табысқа бір жұдырық боп жұмыла жұмыс істегеніміздің, жауапкершілігіміз бен мақсатқа жету жолындағы табан­дылы­ғымыздың арқасында қол жеткіздік деп білемін. Алдағы 2022 жыл осы ұстанымымызды одан әрі нығайтып, жаңа жеңістер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Толассыз еңбектеріңіз әрдайым жемісті болғай!

Келе жатырған 2022 жыл кең байтақ еліміз үшін құт-береке әкелсін! Сіздердің еліміз үшін өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін. Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңіздер! Бұл жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Келе жатқан тышқан жылына ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басайық!

Ізгі ниетпен,

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Е.Е. Турниязов

Дата публикации: 30 декабря 2021



30 декабря 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы

28 декабря 2021

Ойл Транспорт Корпорейшэн» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің 2021 жылдың әлеуметтік маңызды іс-шаралар қорытындысы

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2021 жылы әлеуметтік маңызды шаралардың атқарылуы туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, қызметкерлердің назарларына ұсынылды.   

15 декабря 2021

Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.

30 ноября 2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС спартакиада өткізді

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі — «ОТК») және «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Спартакиада ұйымдастырылып, бекітілген кестеге сәйкес «26» және «29» қараша күндері өткізілді. 

23 ноября 2021

Программа проведения спартакиады 2021

15 ноября 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.

«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады. 

9 июля 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды

11 июня 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары «Rixos Water World Aktau» қонақ үйіндегі жазғы балалар лагерінде дем алып қайтты.

1 июня 2021

«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті»

1 июня 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС автопаркі жаңа автобустармен толығып салтанатты түрде кілттері табысталды

31 мая 2021

Обращение Председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» А.Айдарбаева

9 мая 2021

Поздравляем с Днем Победы 9 Мая!

7 мая 2021

«7 мая - с днем Защитника Отечества»!

5 мая 2021

Видео-материал о соблюдении норм законодательства в области комплаенс

1 мая 2021

Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!

19 апреля 2021

Уважаемые коллеги!

19 марта 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жылдағы дәстүрлі зейнеткерлерді құрметті еңбек демалысына шығарып салу іс-шарасын өткізді.

14 марта 2021

Көктеммен бірге келетін табиғат мейрамы – Амал мерекесі «ОТК» ЖШС аталып өтті

Еліміздің Батыс өңірінде жылдың 14 наурыз күні халықтың тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін мейрам – Амал немесе көрісу күнін атап өтті. 

5 марта 2021

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

1 марта 2021

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

23 февраля 2021

2020 жылдың қорытындысы бойынша "ОТК" ЖШС бірінші басшысының есептік кездесу презентациясы

18 февраля 2021

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары / Меры предосторожности при гололёде

17 февраля 2021

Жолаушылардың қауіпсіздігі / Безопасность пассажира

31 декабря 2020

Жаңа жылдық құттықтау видеосы