KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Бас директордың ұжымға үндеуі / Обращение генерального директора к коллективу

Құрметті әріптестер!

Қазіргі таңда инфекцияның күллі әлемге лезде таралуына байланысты адамдардың тұрмысы мен өмір сүру жағдайлары да бір сәтте өзгеруде. Осы қиын-қыстау кезеңде  біздің әрқайсымыз инфекцияның таралмауына барынша бөгет жасап, өзіміз бен тумаластарымыздың, жақындарымыз мен достарымыздың және әріптестеріміздің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төнбеуіне қолдан келетін бар мүмкіндігімізді пайдаланып, әрекет етуіміз керек. Осы орайда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бар күш-жігерімізді бір бағытқа жұмсау үшін дәрігерлер мен мамандардың кеңестерін, мемлекеттік, жергілікті және аймақтық штабтар мен мекеме басшыларының шешімдерін орындауымыз қажет. Сондай-ақ, үкімет пен мекеме басшыларының (сонымен қатар Тапсырыс беруші мекемелердің) барлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында енгізген қолайсыздықтары мен шектеулерін түсіністікпен қабылдап, өздеріңіз оларды бұлжытпай орындап, сонымен қатар жанұяларыңыз бен ұжымдарыңызда насихаттауыңызды сұраймын.

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараның  барлығы қолданылуда. Компанияларды  профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету, санитарлық шараларды ұйымдастыру, медициналық бақылауды  күшейту барысында барлық мүмкіншіліктер пайдаланылып жатыр. Сонымен бірге, мұнай бағасының  күрт құлдырауына қарамастан, жұмыс орындарының қысқаруына, жұмыс уақытының азаюына немесе қысқаруына  жол бермеу бағытында  барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануда.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың талаптарын, санитарлық дәрігерлердің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «ММГ» АҚ  жедел штабтарының  шешімдері мен ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, барлық қажетті шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында пандемияның таралуына байланысты «ОТК» ЖШС-де жедел штаб құрылып,  инфекцияның алдын-алу шаралары жасақталып, аймағымызда  инфекцияның таралуы жіті бақылауға алынып,  қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіліп отыр. Жұмысшылар маскалар және қолғаптармен қамтамасыз етілуде. Кеңсе ғимараттары мен өндірістік жайлар, автобус салондары дезинфекцияланып,  үнемі кварцпен  зарарсыздандырылуда. Дезинфекциялау үшін «Медитерра» ЖШС мамандандырылған зертханасымен келісім жасалды. Қызметкерлердің дене температурасын электронды термометрмен өлшеу арқылы күнделікті медициналық бақылау жүргізу үшін мамандандырылған  «СофиМед» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Әкімшілік қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс жасау тәртібіне ауыстырылды.

Наурыз айының жұмыс нәтижесі бойынша өндірістік қызметкерлерге ай сайынғы сыйақы төленді. Басқару аппаратының қызметкерлеріне тоқсан сайынғы сыйақы  ҚМГ-да бюджеттің түзетілуі мақұлданғаннан кейін, сәуір айында төленетін болады. Яғни, өткен мерзім ішінде Тапсырыс берушілер тарапынан жұмыс көлемін айтарлықтай төмендету болған жоқ. Қазіргі уақытта Серіктестіктің штаттық құрамы мен аутстаффинг арқылы жұмысқа тартылған  қызметкерлерінің  (Әкімшілк қызметкерлері мен Өндірістік жөндеу цехы) жалақы төлеу бағытындағы  еңбек жағдайлары нашарлаған жоқ. Қызметкерлердің жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында, оларды қашықтан жұмыс жасау тәртібіне ауыстыру, еңбек демалыстарына жіберу шаралары қарастырылды. Құрылымдық бөлімше басшыларына инженерлік-техникалық қызметкерлер мен өндірістік жөндеу цехы жұмысшыларын ауысымдық тәртіпке уақытша ауыстыру мүмкіншіліктерін қарастыру құқы берілді. Бұл шаралар барысында жалақы төмендетілмейді.

Инфекцияның таралуын болдырмау бағытында жасақталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін (аймақта инфекция жұқтырғандар анықталғаннан кейін) сәуір айында ҚР-ның вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық мұнай компаниялары 28-30 күндік режимге ауыстырылды. «ОТК» ЖШС басшылығы жаппай вахталық ауысымдар кезіндегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобустардың жолаушылармен толтырылуын азайту (жолаушыларды қашықтықта орналастыру, яғни арасына бір орын тастап  отырғызу) арқылы рейстер санын екі есеге көбейту туралы барлық тапсырыс беруші ұйымдарға және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на ұсыныс жіберді.

Алайда, инфекцияның таралуы қарқынды дамуда. Жаңаөзен қаласында вирус жұқтыру анықталғаннан кейін, «ӨМГ» АҚ  басшылығы қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Аймақта/кен орындарында ауру анықталған жағдайда кейбір цехтар мен нысандардың, мердігерлік ұйымдардың және т.б. тоқтатылуы қарастырылады.

Сондай-ақ, біз жаңа сынақтарға дайын болуымыз керек. Серіктестік басшылығы атынан  Сізден моральдық және психикалық тұрғыдан дайын болуды сұраймын. Сонымен бірге біз өз тарапымыздан қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету, жұмыс орындары мен жалақыны сақтау үшін қажетті және мүмкін болатын  барлық шараларды  әрі қарай да қолдана береміз.

 Баршаңызға мықты денсаулық пен шыдамдылық тілеймін!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры 

Дата публикации: 0



7 мая 2021

«7 мая - с днем Защитника Отечества»!

Поздравляем Вас с замечательным днем «7 мая - с днем Защитника Отечества»!  

5 мая 2021

Видео-материал о соблюдении норм законодательства в области комплаенс

Видео-материал о соблюдении норм законодательства в области комплаенс .

1 мая 2021

Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!

Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын! 

19 апреля 2021

Уважаемые коллеги!

Направляем Вам опубликованный на интернет ресурсах АО НК «КазМунайГаз» обращение председателя Правления Айдарбаева А.С. и его Личные приверженности в области ОТОС на 2021 год.

19 марта 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жылдағы дәстүрлі зейнеткерлерді құрметті еңбек демалысына шығарып салу іс-шарасын өткізді.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС») зейнетке шыққан қызметкерлері ұйым басшысы мен «ОТК» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы атынан алғыс хаттармен марапатталып, салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды.

14 марта 2021

Көктеммен бірге келетін табиғат мейрамы – Амал мерекесі «ОТК» ЖШС аталып өтті

Еліміздің Батыс өңірінде жылдың 14 наурыз күні халықтың тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін мейрам – Амал немесе көрісу күнін атап өтті. 

5 марта 2021

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздар Сіздерді 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! 

1 марта 2021

Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Қадірменді әріптестер, Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! 

23 февраля 2021

2020 жылдың қорытындысы бойынша "ОТК" ЖШС бірінші басшысының есептік кездесу презентациясы

Хабарландыру!

18 февраля 2021

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары / Меры предосторожности при гололёде

Құрметті әріптестер, 

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары» атты постерді жібереді.  

Уважаемые коллеги, 

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК «КазМунайГаз» направляет для ознакомления постер «Меры предосторожности при гололёде».  

17 февраля 2021

Жолаушылардың қауіпсіздігі / Безопасность пассажира

Құрметті әріптестер! 

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Жолаушылардың қауіпсіздігі» ақпаратты танысу үшін жіберді.  

Уважаемые коллеги! 

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК «КазМунайГаз» направляет для ознакомления презентацию «Безопасность пассажира».  

31 декабря 2020

Жаңа жылдық құттықтау видеосы

Жаңа жылдық құттықтау видеосы 

31 декабря 2020

Жақсылықтың жаршысы Жаңа 2021 жыл болсын!

Әлемде белең алған пандемияның жаһандық экономикаға, сондай-ақ еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізгені белгілі. Қазіргі заманда коронавирус инфекциясының пандемиясы жаһандық қоғам үшін бұрын-соңды болмаған сын-тегеурінге айналды.  

22 декабря 2020

Жаңа жыл мерекелеріндегі сақтық шаралары / Меры предосторожности в новогодние праздники

Құрметті әріптестер,

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті карантин кезінде санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігін еске салумен қатар «Жаңа жыл мерекелеріндегі сақтық шаралары» постерін танысу үшін жібереді. 

Уважаемые коллеги,

Департамент охраны труда и окружающей среды АО «НК «КазМунайГаз», наряду с напоминанием о необходимости соблюдения санитарных требований в период карантина направляет для ознакомления постер «Меры предосторожности в новогодние праздники». 

15 декабря 2020

Сізді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер!

Сізді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

11 декабря 2020

Қол мен саусақтарды сақтау / Защита рук и пальцев

Құрметті әріптестер,

«ҚМГ» ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Қол мен саусақтарды сақтау» постерді танысу үшін жібереді. 

Уважаемые коллеги,

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК «КМГ» направляет для ознакомления постер «Защита рук и пальцев». 

7 ноября 2020

Үсіктің алдын алу / Профилактика обморожения

Құрметті әріптестер,

“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Үсіктің алдын алу» постерін танысу үшін жібереді. 

30 октября 2020

«Меры предосторожности при гололёде»

Уважаемые коллеги,

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет для ознакомления постер «Меры предосторожности при гололёде». 

26 октября 2020

Презентация «10 правил зимнего вождения»

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направил для ознакомления презентацию «10 правил зимнего вождения».

14 октября 2020

ГАЗ и правила его использования

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет для ознакомления постер и видео-ролик о правилах безопасности при использовании газа в быту - «ГАЗ и правила его использования».

2 октября 2020

Уважаемые коллеги!

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет направляет для ознакомления постер «Медицинская маска»  

24 сентября 2020

Вакцинация от гриппа: делать или не делать?

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет для ознакомления видеоролик «Вакцинация от гриппа: делать или не делать?».   

16 сентября 2020

Информацию по вакцинации против гриппа

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет для ознакомления «Информацию по вакцинации против гриппа». 

15 сентября 2020

Публикуем электронные брошюры по Колл-центру «Нысана»

«Нысана» - это независимая Горячая линия, которая принимает жалобы и обращения работников ПК и ДЗО в рамках платформы «Samruk Research Servise».   


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828