KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС спартакиада өткізді

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі — «ОТК») және «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Спартакиада ұйымдастырылып, бекітілген кестеге сәйкес «26» және «29» қараша күндері өткізілді.

«26» қараша күні спорттық шараның алғашқы күнінде ашылу салтанаты өткізіліп, шахмат жарысы басталып кетті. Ал «29» қараша күні Маңғыстау Аренада кіші футбол, волейбол, теннис және қол күрес жарыстары өтті. Жарыста «ОТК» ЖШС әкімшілік басқарма, Маңғыстау технологиялық көлік басқарма (бұдан әрі – МТКБ) және инженерлік-техникалық қызметкерлері (бұдан әрі – ИТҚ) және «ОТК» ЖШС мердігер ұйым қызметкерлері бақ сынасты.

«Тәуелсіздігіміздің мерейлі тойында Спартакиада өткізу «ОТК» ЖШС үшін дәстүрге айналды. 30 жыл бұрын қол жеткізген – Тәуелсіздік халықтың күш-жігері мен еңбексүйгіштігінің арқасында Республикамызды үлкен жетістіктерге жеткізді. Осы айтулы мерекеге орай спартакиаданың өтуі де бекер емес. Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалануы және оларды спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Мекемеміз спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырдық. 2020 жылы карантиндік шектеу шаралары бірқатар спорттық шараларды ұйымдастыруға кері әсірін тигізіп, шаралардың өткізілуіне тиым салынған болатын. Осы жолы өткізіліп жатырған шараны жаңа күшпен, еселенген екпінмен қайта бастап жатырғанымызға қуаныштымыз. Спорт сүйер қауымға сәттілік пен жеңіс тілеймін» - деп қатысушыларға «ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы жылы лебізін білдірді.

Аталмыш сайыстарға «ОТК» ЖШС-нен төрт команда құралып, өзара мықтыларды анықтау үшін қызу жарысқа түсті. Спорттық шараның бастамасы болған шахмат ойынында  бабы келісіп, бағын сынауға бел буған қызметкерлер ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеді. Жүлделі І орынды МТКБ слесарь қызметкер Жамбыл Сабитаев иеленді. ІІ орынға «ОТК» ЖШС өндірістік-техникалық бөлім басшысы Нұртас Арипов ие болды. ІІІ орын МТКБ көлік жүргізушісі Досан Райсовқа бұйырды.

Волейбол ойынының байрақты бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз  атану үшін барын салған МТКБ командасы алға суырылып шықты. Жеңісті қанжығасына МТКБ командасы байласа, белсенді ӘБҚ командасы екінші орын жүлдегері атанды. Үшінші орын иегері инженерлік-техникалық қызметкерлер болды.

Қимыл-қозғалыстың тездігі мен шабуылдың шапшаңдығымен өзіне қатты қызықтыратын ойынның бірі теннис өте қызықты өтті. Жоғары қозғалыс белсенділігімен, шапшаңдғы мен ептілігімен ерекшеленген Жасұлан Аманқосов тартысты жарыстың жеңімпазы атанды. Шеберліктері деңгейлес екі сыралғы қарсылас – Нұрлан Құрмашев және Арман Исатаев екінші орынға тартысып, сәл басымдылықпен Арман Исатаев жеңіске жетті.

Шағын-футбол жарысында қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Бірінші орынды өздерінің бірліктерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының қызметкерлерінен құралған командасы ұтып алды. Екінші орынды «ОТК» ЖШС әкімшілік басқарма қызметкерлері (бұдан әрі – ӘБК) иеленді. Жүлделі үшінші орынды ОТК мердігер ұйым ұтып алды.

Қол күресінен Еркін Ермуханов бас жүлде иегері атанды. Екінші орынды Кази Шамьянов иеленсе, үшінші орынды Есенаман Сағындыков ұтып алды.

. Бірінші орын үшін – 3 ұпай, екінші орын үшін – 2 ұпай, төртінші орын – 1 ұпай. Спортшылары жақсы дайындықтың арқасында жалпы командалық есеп бойынша топ жарған ӘБҚ командасы болды. Жабылу салтанатында жеңіске жеткен команда мүшелері ақшалай жүлделермен марапатталып, дипломдар табысталды. Үздік ойыншылар жеке номинацияларға да иеленді.

 

 

Дата публикации: 0



6 марта 2017

План мероприятия по решению поставленных вопросов работников

План мероприятия по решению поставленных  вопросов работников на отчетной встречи Первого руководителя и на встречи с представителями работников (Профсоюз) 

1 марта 2017

Отчет проделанной работы за 2016 год

Информация Первого руководителя, предоставленной сотрудникам на отчетной встрече:

31 декабря 2016

С Новым 2017-м годом!

В Новый год позвольте пожелать подъема и процветания вашему бизнесу, удачных сделок и самых выгодных контрактов!  

23 ноября 2016

План мероприятий по решению проблемных вопросов согласно протоколов встречи с профсоюзом за ІV квартал 2016 г.

План мероприятий по решению проблемных вопросов согласно протоколов встречи с профсоюзом за ІV квартал 2016 г. и внеплановой встречи руководства с трудовым коллективом от 16.11.2016 г. 

3 ноября 2016

Информация по исполнению плана мероприятий Первого руководителя за 1-ое полугодие 2016г.

Информация по исполнению плана мероприятий по решению постановленных вопросов работников на отчетных встречах Первого руководителя за 1-ое полугодие 2016 года по состоянию на 25.10.2016г.  

1 ноября 2016

Жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген «шағын футбол» арасындағы жарыстың жеңімпаздары

Жас мамандардың ұйымдастыруымен өткізілген «шағын футбол» арасындағы жарыстың жеңімпаздары 

8 октября 2016

ҮЗДІК МАМАН- 2016 «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ  еншілес  және тәуелді ұйымдардың жұмыскерлері арасында жүргізушілердің шеберлігі бойынша «Үздік маман-2016» Қаламқас кен орнында біздің мекеме  жастар кеңесімен бірлесіп бұл шараны жоғары деңгейде өткізді.  

18 сентября 2016

Шағын футбол туралы хабарландыру

14.09.2016 ж. сағат  18:30,  17.09.2016 ж.  сағат15:00-де « Ақтау ойын сауда кешенінде» ӘБ, МТКБ, ЖТКБ, ОЖЦ, БТКБ арасында жас мамандардың ұйымдастырумен шағын футболдан жарыс өтетіндігін, сонымен қатар 14.09.,17.09 күні жарыс 1 сағатқа созылуына байланысты    21.09.16ж күні шағын футбол болмайтынын хабарлаймыз. 

2 сентября 2016

День работников нефтяной, газовой и топливной промышленности

Поздравляем всех работников нефтяной, газовой и топливной промышленности, с профессиональным праздником! Пусть богатства земли увеличиваются достойным, упорным, самоотверженным трудом, а благополучная жизнь процветает и радует. Успехов и новых достижений в ежедневной работе, мира, изобилия, света, счастья и здоровья Вам и Вашим близким!

26 августа 2016

Встреча Первого руководителя за 1-е полугодие 2016 года

План мероприятий по решению постановленных вопросов работников на отчетных встречах Первого руководителя за 1-е полугодие 2016 года 

3 августа 2016

Отчет за 1-е полугодие 2016 года

Предоставляется информация Первого руководителя сотрудникам компании ТОО "Ойл Транспорт Корорейшэн"

26 июля 2016

Осуществление процедуры предварительного квалификационного отбора потенциальных поставщиков товаров, работ и услуг АО «Самрук- Қазына»

Настоящим ТОО «Самрук-Казына Контракт» информирует , что с 25 июля 2016 года осуществляется процедура предварительного квалификационного отбора (далее - ПКО) потенциальных поставщиков товаров, работ и услуг АО «Самрук- Қазына» и организаций пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат АО «Самрук-Қазына»

18 июля 2016

«Үздік маман-2016»

2016  жылдың 9 шілдесі күні ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» бойынша кәсіби шеберлікті анықтау мақсатында өткізілген «Үздік  маман » сайысының  жарысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша келесі орындар беріліп, «Үздік маман» анықталды: 

30 мая 2016

Благотворительная акция «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр».

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобында КМГ Жастар кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр»  қайырымдылық акциясы  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері тарапынан жылы қабылданып, қолдау тапты.  

23 мая 2016

Іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар жоспары 

4 мая 2016

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в честь праздника «НАУРЫЗ»

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в  честь праздника «НАУРЫЗ».


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828