KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» аясында Спартакиада өткізілді

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4-8 күндері аралығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің (бұдан әрі — «ОТК») ұйымдастыруымен және «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС (бұдан әрі — «БТҚ») мен «West Oil Software» ЖШС-ің (бұдан әрі — «WOS») қолдауымен ІІ-Спартакиада өткізілді. «Мұнайтелеком» ЖШС-гі ұйымдастырылған шараға ат салысып, қызықты жарыс өткізуге шағын футбол командасына шақырылды. Жыл сайынғы үрдіске айналған бұндай шараның мақсаты мекеме қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын нығайту, қалың бұқараны спортқа тарту болып саналады. Бұл жарысқа 4 мекеме қызметкерлері қатысып, спорттың жеті түрінен, яғни шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, қол күресі, қазақша күрес, гір тасын көтеруден өзара бақ сынасты.

Бес күнге жоспарланған спорттық шараның алғашқы күнінде ашылу салтанаты өткізіліп, оған қатысқан мекеме басшылары мен «ОТК» ЖШС «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының» ҚБ-ның төрағасы барлық команда мүшелеріне сәттілік пен жеңіс тіледі.

 Ашылу салтанатынан кейін командалар шағын-футбол ойынын бастап кетті. Бірнеше кезеңдерге бөлінген бұл ойын 04-08 желтоқсан күндерінде жалғасын тапты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңісті қанжығасына «БТҚ» ЖШС байлады. Жүлделі ІІ орынды «Мұнайтелеком» ЖШС жеңіп алса, ІІІ орынды «WOS» ЖШС-ің Жетібай технологиялық көлік басқармасының командасы иеленді.

06 желтоқсан күні үздік шахмат ойынының өрнегін көрсеткен қызметкерлер шапшаң қимыл мен ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін байқатты. Жүлделі І орынды «ОТК» ЖШС қызметкері Сабитаев Жамбыл иеленді. ІІ орынға «ОТК» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Арипов Нұртас. ие болды. ІІІ орын «WOS» ЖШС Казбеков М. бұйырды.

Спартакиада шеңберінде үшінші спорттың түрі – волейбол ойыны бойынша «West Oil Software» ЖШС Ақтау командасы «БТҚ» ЖШС командасын басып озып І орынды иеленді. «БТҚ» ЖШС ІІ орынға жайғасты. Ал ІІІ орынды «WOS» ЖШС ЖТКБ алды.

Желтоқсан айының 07 жұлдызы үстел теннисі бойынша жарыс өткізілді. Тартысты жарыстың жеңімпазы «БТҚ» ЖШС қызметкері Дюсенбаев Талғат атанса, ІІ орынды «ОТК» ЖШС-нің қызметкері қызметкері Нурбердиев Асан алды.

Үстел теннисі жарысынан кейін қазақша күресі жалғасын тапты. Табанды күрестің нәтижесінде бірінші орынды «БТК» ЖШС-ің қызметкері Кулекешов Мейрамбек қанжығасына байлады. «WOS» ЖШС Ақтау Кудабаев Жомарт екінші орынға ие болды. Үшінші орынды «WOS» ЖШС ЖТКБ Оразғали Әділбек иеленді.

Гир көтеру жарысы бойынша спортшылар арасында мықтылар атанғандар: Меңдіқұлов Алтай «БТҚ» ЖШС – І орын иегері, Құлекешов Мейрамбек «БТҚ» ЖШС – ІІ орын, Сарбаев Серік «ОТК» ЖШС – ІІІ орын иегері ептілік жарыстырды. Армрестлинг спорттық жекпе-жек түрінен алға озып шыққан «БТҚ» ЖШС-нен Құлекешов Мейрамбек бас жүлде иегері атанды. Ал, осы мекеменің екінші спортшысы Нұржауов Талғат екінші орынға жайғасты. «WOS» ЖШС ЖТКБ спортшысы Сердаров Коблан иеленді.

Барлық спорт түрінен жинақталған есеп бойынша жалпы командалар арасында да жеңімпаз анықталды. Осындай  жүлденің жеңімпазы 2018 жылы «ОТК» ЖШС атанған болатын. Ал, ағымдағы жылда басымдылықпен алға шыққан «БТҚ» ЖШС  командасы атанды.

Командалық спорт түрлері бойынша да үздік спортшыларда назардан тыс қалмай, бағалы жүлделермен марапатталды. Шағын футбол ойыны бойынша: үздік қорғаушы атанған – Калимкашев Бекбол, үздік шабуылшы - Нұрсұлтанов Руслан, Қызылкүл Әлібек – үздік қақпашы номинациясына ие болды. Волейбол ойыны бойынша 2 номинация иегерлері белгілі болды. Олар: үздік шабуылшы – Атадусов Казыбек, үздік қорғаушы – Дүйсембаев Мейрамбек.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС  ұйымдастыруымен өткен осынау жарыстар өзінің тартысты өтуімен есте қалды. Спартакиаданың жабылу салтанатында жоғарыда аталған жеңіске жеткен команда мүшелері бағалы жүлделермен марапатталды.

   

Дата публикации: 0



16 января 2024

В целях обеспечения правовой защиты работников группы компаний и соблюдения норм Кодекса деловой этики в АО НК «КазМунайГаз» имеется должность Омбудсмена.

13 января 2024

Члены Совета молодых специалистов ТОО "Ойл Транспорт Корпорейшэн" поздравили участников Афганской войны в честь 35-летия вывода советских войск из Афганистана

27 декабря 2023

Совет молодых специалистов ТОО «ОТК» продолжает акцию «Вручение новогодних подарков»

26 декабря 2023

Для детей с особыми потребностями молодые специалисты ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» провели благотворительное мероприятие и порадовали» новогодними подарками.

20 декабря 2023

Молодые специалисты ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» приняли участие в игре «Quiz»

18 декабря 2023

Заявление руководства ТОО "West Oil Software" относительно продолжающейся забастовки рабочих с 11 декабря.

5 декабря 2023

Кайдзен

29 октября 2023

За вклад в обеспечение транспортной безопасности признано лучшим ТОО «Ойл Tранспорт Kорпорейшэн».

29 августа 2023

Статья и фотографии с отдыха детей сотрудников ТОО «ОТК» в летнем детском лагере

10 августа 2023

175-летний юбилей Абая Кунанбаева

8 августа 2023

Материалы на ознакомление

5 июля 2023

Объявление о финальном этапе Спартакиады группы компаний АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) с 10 по 14 июля 2023 года.

2 июня 2023

1 июня - в честь Международного Дня защиты детей прошел конкурс «Өнерлі өрендер» среди детей работников ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн

5 мая 2023

С Днем Великой Победы!

5 мая 2023

Поздравляем с 7 мая-Днем защитника Отечества!

14 марта 2023

В нашей организации отметили Праздник Амаль

2 марта 2023

Представляем отчет о проделанной работе за 2022 год ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн»

26 января 2023

График проведения отчетных встреч Первого руководителя ТОО «ОТК» перед трудовым коллективом об итогах за 2022 г. и итогах за полугодие 2023 г.

19 декабря 2022

Во всех автобусах ТОО " ОТК " установлены зимние автошины.

В соответствии с требованиями Правил дорожного движения РК и Регламента АО НК КМГ «О безопасной эксплуатации наземных транспортных средств» ТОО «ОТК» производит установку зимних автошин на все автобусы.

16 сентября 2022

Праздничный вечер для ветеранов труда ТОО «ОТК»

Праздничный вечер для ветеранов труда организованный товариществом с ограниченной ответственностью "Ойл Транспорт Корпорейшэн", прошел в ресторане.

2 сентября 2022

В честь праздника нефтяников сотрудникам и пенсионерам тоо «отк», вышедшим в трудовой отпуск, были вручены почетные грамоты и благодарственные письма

В честь Дня нефтяника товариществом с ограниченной ответственностью "Ойл Транспорт Корпорейшэн" сотрудникам и ветеранам труда были вручены почетные грамоты и благодарности. От локального профсоюза «работников ТОО «ОТК» были вручены ценные подарки.

1 сентября 2022

Отчет о проделанной работе ТОО "Ойл Транспорт Корпорейшэн" за полугодие 2022 года

Предлагаем вашему вниманию ознакомиться с отчетом о проделанной работе ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» за полгода 2022 года.

24 августа 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2022» жеңімпаздары анықталды

Ағымдағы жылдың «24» тамыз күні «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС) автобус жүргізушілері арасында үздіктердің үздігін анықтайтын байқау өтті.

15 августа 2022

Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) жолаушыларды, оның ішінде мұнайшыларды кенорынға тасымалдау саласында сапалы қызмет етіп, 50 жылдан астам уақыт ішінде сенімді және тұрақты серіктес ретінде беделге ие болып, қызмет көрсетуді жетілдіру мен дамыту жолында көптеген белестерді бағындырды. Қазіргі таңда серітестікте автобус саны 135-ке жетті.


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828