RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында тартысты жарыс өтті

«ОТК» ЖШС ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай «ОТК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» БҚ қолдауымен қызметкерлер арасында командалық және жеке жарыстар ұйымдастырылды. Жарыстарға алалты құрама командалар бақ сынады. Тартысқа толы бәсеке «30» қараша күні іріктеу турынан бастау алып, өз мәресіне «09» желтоқсан күні жетті. Іріктеу турында волейбол және футбол жарыстары өткізіліп, волейболдан Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының (бұдан әрі – МТКБ) №1, №2 және инженер-технологиялық қызметкерлер (бұдан әрі – ИТҚ) тобы мен әкімшілік басқарма қызметкерлері (бұдан әрі – ӘБҚ) алға шығып, финалға жолдама алды. Футбол жарысы бойынша ИТҚ, Мердігер ұйым «Nur-Caspian», ӘБҚ, өндірістік жөндеу цех қызметкерлері финалға шықты.

Қызметкерлер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Жүзу» жарысы «08» желтоқсан күні сәтті өтті. Дүбірлі додаға жоғары дайындықпен келген спортшылар жеңістің желкенін көтеру үшін нағыз табандылық пен жылдамдықты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 50 метр қашықтықта І орынды МТКБ қызметкері Саламат Талғатұлы Бөрібаев қанжығасына байлады. Ал, ІІ орынды ӘБҚ қызметкері Дастан Серікқалиұлы Әлібеков ұтып алса, ІІІ орынды ӨЖЦ қызметкері Аят Капағанбетов иеленді. 

Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес «Үстел теннисі» жарысының іріктеу туры «03» желтоқсан күні ерлер мен әйелдер арасында өткізілсе, «09» желтоқсан күні финалға жолдама алғандар өзара жарысқа түсті. Іріктеу турында «Сұңқар» теннис клубының төрешісі – Вячеслав Аркадьевич ойын барысымен таныстырып, жеребе суыру тәсілі арқылы жұптық ойын ұйымдастырды.

Әкімшілік басқарма қызметкерлерінің нәзік жандылар арасынан ғана «Үстел теннисі» жарысына қатысушылар шығып, белсенді теннисшілер анықтылған болатын. Тартысты жарыста үшінші орынды эколог маман Муканаева Бибінұр жеңіп алса, екінші орынға сатып алу тобының басшысы Мухашева Ақмарал қол жеткізді. Бас жүлдені 1 санаттағы еңбек жөніндегі экономисті Жидебаева Айнұр ұтып алды. 

Финалға шығу үшін ойында «ОТК» ЖШС мердігер ұйым қызметкері Узганбаев Райымбек «ОТК» ЖШС әкімшілік басқарма қызметкері (бұдан әрі – ӘБҚ) Темиркасов Шапағатты 3:2 есебімен жеңіп шықты.

Финалда «ОТК» ЖШС ӘБҚ қатарынан үздік атанған бас директордың персоналды басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Нұрлан Құрмашев Райымбек Узганбаевты 3:2 есебімен жеңіп, жеңісті қанжығасына байлады.

«07» желтоқсан күні жоспар бойынша шахмат жарасы өткізіліп, І орынды ӨЖЦ қызметкері Жамбыл Сабитаев, ІІ орынды МТКБ №2 а/т жүргізушісі Досан Райсов иеленді. Жүлделі ІІІ орын МТКБ №2 а/т қызметкері Кенжебек Баедиловқа бұйырды.

Спартакиада-2022 дәстүрлі ойындарының бірі «Қол күресінде» қатысушылар қарсыластарына дес бермей, тартысты жарыс өткізді. Осы жарыста үшінші орын жүлдегері өндірісті жөндеу цех қызметкері Аққозы Келімберді атанса, екінші орынды МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Досан Райсов жеңіп алды. Қол күресінен талай білекті де жүректі спортшысы танылған Еркін Ермуханов қол күресінен үш дүркін чемпионы атанды. Еркін қарсыластарына шақ келтірмей, өзгеден мықты екенін анық байқатты.

Спартакиада-2022 Волейбол жарысында финалдық ойында ІІІ орынды МТКБ №1 а/т, ІІ орынды ИТҚ жеңсе бас жүлдені МТКБ №2 а/т ұтып алды.

Футбол жарасында жартылай финал ойындарында Мердігер ұйым мен ӘБҚ командалары өзара жарысқа түсіп, 1:0 ұпайымен Мердігер ұйым алға шықты. Үшінші орын үшін МТКБ ИТҚ және ӘБҚ командалары бақталаста 2:2 есебі теңдей келіп, ойынның жеңімпазы пенальти сериясында анықталып МТКБ ИТР 5:4 есебімен ұтты. Финалда Мердігер ұйым қызметкерлері мен ӨЖЦ қызметкерлері кездесіп, 2:1 есебімен Мердігер ұйым Спартакиада жеңімпаздары атанды.

 

Жарияланған күні: 12 желтоқсан 2022



16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты

18 желтоқсан 2023

"West Oil Software" ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатырған ереуіліне қатысты мәлімдеме.

5 желтоқсан 2023

Кайдзен

29 қазан 2023

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС үздік деп танылды

29 тамыз 2023

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балаларының демалысы туралы мақала және фотосуреттер

10 тамыз 2023

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы

8 тамыз 2023

Танысуға арналған материалдар

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

2 маусым 2023

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі өрендер» байқауы өтті

5 мамыр 2023

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


14 наурыз 2023

Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті

2 наурыз 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз

26 қаңтар 2023

«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

19 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.

12 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

3 желтоқсан 2022

«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті

30 қараша 2022

Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды

21 қараша 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828