RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-20 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

«Ойл Транпспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  биыл 20 жыл толып отыр. Бұл мекеменің үлкен өзгеріске ұшырап, 4 көлік мекемесінің біріктіріліп, қайта құрылуынан кейінгі атауы.  Жалпы мұнайлы өлкеміздегі көлік мекемелерінің бастауы тым әріде, тарихы  жарты ғасырдан да асып отыр. Маңғыстау жерінде 1961 жылы мұнай бұрқағы атқылап, өңірде өндіріс басталып, заманымыздың аса көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевша айтқанда «Ұйқыдағы арудың оянуы» басталған шақта, көлік мекемелері де құрылып, қызу еңбек сол кездерден басталып кеткен. Әрине ол жылдары шағын ғана көлік мекмелері болып ашылған ұйымдар, бертін келе ірі мекемелерге айналды. Сондай 4 мекеме, яғни Маңғыстау технологиялық көлік басқармасы, Бозашы технологиялық көлік басқармасы, Жетібай технологиялық көлік басқармасы және Жолаушыларды тасымалдау  көлік басқармасы, 2002 жылы біріктіріліп, өңіріміздегі ең ірі көлік мекемесі «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС құрылды. Құрамында 3000-ға жуық қызметкер жұмыс атқаратын мекеме мұнай өндірісін әр түрлі арнаулы және технологиялық көліктермен қамтамасыз етті. Мұнай саласында қызмет атқаратын ұйымдардың қызметкерлерін кен орындарға жеткізумен шұғылданатын «Ойл Транпсорт Корпорейшэн» ЖШС биыл 20 жыл толып отыр.

Мекеменің құрылуының алғашқы күндерінен бастап, ол кезде Маңғышлақ технологиялық көлік басқармасының көпұлтты ұжымы осы жалпыхалықтық іске белгілі бір үлес қосты. Бұл басқарма кезең-кезеңмен қалыптасу дәуірінен өтті. Өндірістік міндеттердің өсуіне қарай Маңғыстау технологиялық көлігін басқару алға қарай дамып, кәсіпорын түбектегі ең алғашқы автокөлік кәсіпорындарының бірі екенін атап өткіміз келеді.

Серіктестіктің алғашқы күндерінен бастап қойылған негізгі міндеттері: мұнайшылардың, бұрғылаушылардың, монтажшылардың және құрылысшыларды тасымалдауға деген сұраныстарын өз уақытында, сапалы әрі толық қанағаттандыру, жұмыстың экономикалық тиімділігін және бәсекелестік мүмкіншіліктерін арттыру болып саналды.

Автокөлікке қатысты мәселелерді сәтті шешу үнемі бастаманы, шығармашылық ізденісті, сапалы жұмысты және жауапкершілікті арттыруды талап етеді. Осы факторлардың арқасында автокөлік жүргізушілері өздеріне жүктелген міндеттерді сәтті орындап келе жатыр. «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қазіргі таңда Қаламқас кенорнына: 1- жылда 3900 жуық автокөлік қатынайды.  1- жылда 335 400 шамасында адам тасымалданады. Жетыбай кенорнына : 1- жылда 9 535 жуық автокөлік қатынаса, 1- жылда 574 170 адам тасымалданады. Ұзақ жылдар бойы талмай жасаған қызметте еленіп, 2016 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының еңбекті қорғау саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификат табысталып, қауіпсіздік саласындағы аса үздік жетістіктері үшін сыйлыққа ие болды. Осындай жетістіктер қызметті одан әрі өрлей беруге шабыттандырады.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС тарихы – бұл өз жұмысының аса жауапкершілігін сезіне білетін басшылардың, жүргізушілердің, слесарь мамандарының үлкен ұжымның тарихы. Егер 20 жылдық "ОТК" ЖШС тарихына үңілсек, мекеменің өмірінде көптеген өзгерістер орын алды. Осындай айтулы өзгерістер мен маңызды оқиғаларға шолу жасайық:

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-де әлеуметтік бағыт саласында, әсіресе қызметкерлердің мүддесі үшін көп істер атқарылды: 2011 жылы Жұмыс беруші "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС мен Қызметкерлер өкілі тарапынан қызметкерлердің кәсіптік одағының төрағасы арасында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін Ұжымдық шарт негізінде жұмыс уақыты мен еңбек режимі, еңбекке ақы төлеу, қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне, зейнеткерлерге әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, кепілдіктер мен жеңілдіктер көзделген өтемақы қарастырылған құжат бекітілді.

7 жыл бойы "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС-де 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ деңгейінде 2016 жылдан 2018 жылға дейін көлік мамандықтары арасында екі кезеңде "Үздік маман" кәсіби конкурстары өткізіліп келуде. 2016 жылы Қаламқас кен орынында "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Көлік кәсіпшілігі арасында "Үздік маман" кәсіби конкурсын ұйымдастыру және өткізуге жауапты кәсіпорын болды. Бұл дәстүрлі байқауды жоғары дәрежеде өткізгені үшін ұйым "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы С. М. Мыңбаевтың мақтау хатына ие болды.

"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС 2011 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-нің еншілес-тәуелді мекемелер қатарына қосылған сәттен бастап серіктестікте басшылықтың бастамасымен "ОТК" ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілімен және жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізіп келуде.

Әр кәсіпорын өз қызметінде бір үзілмес арнада жиырма жылдық тарихты біріктіретін және талай жылдар бойы ұйымның дамуына тер төккен үлкендердің тәжірибесіне сүйенеді. Бүгінде біз кәсіпорынымыздың құрылу бастауында тұрғандардың есімдерін мақтанышпен айта аламыз, олар өз мамандықтарына адал, сондай-ақ олар үшін жұмыс тек күнделікті еңбек ғана емес бүкіл өмірлерінің ісі болған. Олардың қатарында – Оспанов Хайрулла, Фаерфас Григорий, Абай Нариманович Умбеталин, Беккожа Кубешович Ахбелов, Кибадулла Сатмаганбетов, Серік Жеткергенұлы Кеулімжаев және қазіргі таңда бас директор Ербол Ералыұлы Турниязовтың атқарып жатырған еңбегі ерен.

 Мереке құрметіне салтанатты кеш өткізіліп, қызметкерлермен бірге атап өтілді. Салтанатты шарада мекеменің дамуына және өркендеуіне  қосқан қомақты үлестері үшін, жоғары кәсібилігі, біліктілігі және жылдар бойы игі істері, қызметтік міндеттеріңізге  деген адалдығы мен жауапкершілігі үшін  автомотокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы Меңдібай Райымбердіұлы Ерниязов, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженері Қадірғали Күшікбайұлы Сағатов, автокөлік жүргізушілері Бимырза Мисаев, Әбуғали Қазанбайұлы Есенғұл, Тыныш Қаражаубайұлы Байзула, Батырхан Бахтыбаевич Джалтармаев және ұлағатты ұрпақ санын көбейтуге үлес қосқан Табын Байдуллаев, сондай-ақ әкімшілік басқарма қызметкерлері арасынан бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары  Бердіғали Өтеуліұлы Сүгіров,  бас есепшінің орынбасары Сара Дюмбаевна Нұрболғановаға алғыс хаттар табысталды.

Қазіргі таңда ұйымның дамуы келесі кезеңге өтуде, яғни, еске алар, мақтан етер дүниелердің көп болары анық. Қызметкерлердің жоғары қызығушылығы, олардың біліктілігі, олардың әрі қарайда, ұйымның өркендеуіне және игілігі үшін еңбек жасайтындарына еш күмән келтірмейміз. Осы басқарманың ұйытқысы болған ұжым, қазіргі таңда заман талабына сәйкес қызмет атқарып, берекелі істердің қатарын көбейтуде. Ұйымның табыстары бен жетістіктері ұжымның әрбір мүшесінің адал еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр. Сіздер сынды сақтықты сұңқардай үйренген өз ісінің мамандары көлік тізгінін ұстағанда мұнайшылар тасымалы – сенімді қолда екендігіне нық сенімдеміз.

 

Жарияланған күні: 0



16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты

18 желтоқсан 2023

"West Oil Software" ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатырған ереуіліне қатысты мәлімдеме.

5 желтоқсан 2023

Кайдзен

29 қазан 2023

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС үздік деп танылды

29 тамыз 2023

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балаларының демалысы туралы мақала және фотосуреттер

10 тамыз 2023

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы

8 тамыз 2023

Танысуға арналған материалдар

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

2 маусым 2023

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі өрендер» байқауы өтті

5 мамыр 2023

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


14 наурыз 2023

Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті

2 наурыз 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз

26 қаңтар 2023

«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

19 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.

12 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

3 желтоқсан 2022

«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті

30 қараша 2022

Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды

21 қараша 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828