RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) жолаушыларды, оның ішінде мұнайшыларды кенорынға тасымалдау саласында сапалы қызмет етіп, 50 жылдан астам уақыт ішінде сенімді және тұрақты серіктес ретінде беделге ие болып, қызмет көрсетуді жетілдіру мен дамыту жолында көптеген белестерді бағындырды. Қазіргі таңда серітестікте автобус саны 135-ке жетті. Яғни, бұл дегеніміз Қазақстан Республикасындағы өндірістік мекемелер арасындағы көлік қызметтерін көрсететін ұйымдардың  алдыңғы қатарларынан көрініп, осындай алып автопарк кәсіби дайындылығымен  танылып келе жатыр.

Көлік саласында қызмет көрсететін ұжымның тәжірибесі мол, жүргізушілердің орташа жасы 48-де, ал көлік саласында еңбек өтілі орташа алғанда 20-жылды құрайды. Мекемеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі барлық талаптарға сәйкес ұйымдастырлған. Атап өтетін болсақ, мезгіл сайынғы техникалық байқаулар, күнделікті линияға шығар алдынғы тексерулер, техникаға GPS-бақылау, жүргізушілер денсаулығын жыл сайынғы толықтай және күнделікті тексерулер жүргізіледі және оларды үнемі оқыту қолға алынған. Биылдан бері өңірде бұрын автобустарға қолданбаған қысқы дөңгелектер сатып алынып, суық мезгілде автобустарға орнатылып бастады. 

Осының барлығы мұнайшыларды жайлы жағдайда, қауіпсіз және ауқытылы кенорындарға тасымалдау жағынан сапалы қызмет етуге толықтай кепілдік береді. Оның бір мысалы – сонғы он жылда мекемемізде жолаушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірген ауыр зардаптармен жол оқиғасы тіркелмеген.   

Мекеме қызметін жетілдіру бағытында жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді. Оның бірден-бір дәлелі ретінде жылдан-жылға автопарк жаңарып, жаңа автобустар алынып, қолданысқа беріліп жатыр. «ОТК» ЖШС 20 жыл мерейтойына тұспа-тұс келген бұл салтанатты шара Серіктестіктің тарихында маңызды күн ретінде есте қалатын болады.

Былтырдан бері, экономикалық қиындықтарға қарамастан біздің құрылтайшымыз «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК қолдауымен  автопаркті жаңғырту ісі қолға алынған болатын. Еске сала кетейік, 2021 жылы 4 Hyundai Universe Luxury үлкен автобустары және Toyota Coaster маркалы автобустарының 8 данасы сатып алынды. Ал, биыл жыл басынан 2 Toyota Coaster алынып, қазір міне 8 Hyundai Universe-тің іске қосылып жатыр. Барлығы соңғы екі жыл ішінде 22 жаңа автобус елдің игілігіне берілген болатын. 

Еуропалық сапаны және қауіпсіздік стандарттарының талаптарын өзіне жинақтаған Hyundai Universe автобустары 365 күн сайын күніне екі рет кенорын және қалааралық бағыттарда жұмыс істейді. Автобустар күніне әрқайсысының жүгірісі 500 км-ге дейін жетсе, жылына 180-200 мың км-ге жетеді. Бұл автобустар екі ауысымды режимде жұмыс атқаратындықтан, олардың әрқайсысына екі жүргізуші бекітілген. Осы автобустың моделі тартымды дизайнымен және салоны эргономикалық тұтастығымен, төзімді және үнемді моторымен жабдықталған. Ыңғайлы және эргономикалық салон ұзақ сапар бойы жолаушыларға барынша жайлылықты қамтамасыз етеді. Жүк көтергіш корпус максималды қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

Бұл автобустардың бұрынғы модельдерімен салыстырғанда шанақ 15% - ға қаттылығы ұлғайтылып, тұтас монокок технологиясы бойынша орындалған. Шанақтың жаңа түрін пайдалану оның қаттылығын және қауіпсіздігін арттыруға және аэродинамиканы жақсартуға ғана емес, сондай-ақ басқарушылыққа да оң әсерін тигізеді, сонымен қатар жолдардағы кедергілерден және жол сапасы нашар аймақтарда жүрген кезде тербелістерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Салатанатты шарада «ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы шараға қатысқан тапсырыс беруші мекемелер өкілдеріне  мекемеге сенін артып жүргендеріне алғыс айтып, қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстар әрі-қарай үнемі тұрде жалғасатынына сенімін білдірді. - «Құрметті жүргізушілер, алып жатқан көліктерің құтты болсын дей отырып, жол ережелерін сақтай жүріп, автобустарды ұқыпты ұстап, мұнайшыларды жұмыстары мен үйлеріне аман есен жеткізу үстінде сақтық танытуды сұраймын. Әрдайым сапарларының сәтті, жолдарының ашық болсын!» деп тілегін білдіріп, автобустардың кілттері салтанатты түрде табыстады. 

Арнайы шақыртумен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі кеңесшісі Төлеғожаев Жетібай Қуанайұлы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көлік департаментінің директоры Айтбаев Қожахмет Сұлтанғалиұлы шараға ат салысып, мұнайшыларға жасалып жатырған осындай ауқымды жағдайлар легі көп болуын тіледі.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның көлік жөніндегі басқарушы директоры Дүйсебеков Нұрлан Хибатуллаұлы,  «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның пайдалану бөлім басшысы Нысанбаев Айдарбек Айтжанович және бас директор көмекшісі Серікқали Доғдырбайұлы Амангелді шараға қатысып, екі мекеме арасындағы 10 жылдық қарым-қатынас алға өрлей беріп, сатып алынып жатырған су жаңа көліктер мұнайшыларды тасымалдау жолында жақсы қызмет атқаруына тілектес білдірді. 

2021 жылы сатып алынған көліктерді пайдалануға берілгелі бері халықтың ризашылығын алып келе жатырсыздар. Алдағы уақытта ел үмітін ақтар абыройлы істеріңізге сəттілік серік болсын. Жұмыстарыңыз жемісті болып өңірімізде көлік саласының дамуына күш салыса беріңіздер» - деп тілегін «Oil Services Company» ЖШС автокөлік басқармасының басшысы Серікбаев Абзал Бақтыгерейұлы.

 

Жарияланған күні: 0



16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты

18 желтоқсан 2023

"West Oil Software" ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатырған ереуіліне қатысты мәлімдеме.

5 желтоқсан 2023

Кайдзен

29 қазан 2023

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС үздік деп танылды

29 тамыз 2023

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балаларының демалысы туралы мақала және фотосуреттер

10 тамыз 2023

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы

8 тамыз 2023

Танысуға арналған материалдар

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

2 маусым 2023

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі өрендер» байқауы өтті

5 мамыр 2023

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


14 наурыз 2023

Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті

2 наурыз 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз

26 қаңтар 2023

«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

19 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.

12 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

3 желтоқсан 2022

«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті

30 қараша 2022

Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды

21 қараша 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828