KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы

Жаңа жылда игерейік табыстың жаңа шыңын!  

Жаңа жылда жаңа мақсаттар

ХХІ ғасырдың тағы бір табысты да түйткілді жылы артта қалып барады. Барша адамзат баласы ерекше көңілмен жаңа жылдан жақсылық күтіп, табысқа жетуге және келесі жылы амандықта жүздесуге асығады. Текті де қайсар барыс еншісіне берілген келер жыл қандай несібе тосарын алдағы уақыт көрсете жатар. Ал, Біздің мақсатымыз биылғы жылды жақсы жаңалықтармен қорытындылап, келер жылды жаңа жоспарлар мен идеялармен қарсы алу. Келер жылдан күтетін үміттеріміз көп. Барыс жылы айтулы жылдардың бірі болмақ.

Өткен он екі айда мекемеміздің басынан өткерген сан алуан жағдайлардың ішінен саралап, жалаулы оқиғаларға оймен шолып, жаңалықтарымызды айтып өтейік.

Жалпы, еліміз үшін 2021 маңызды оқиғалар мен толайым табыстарға толы жыл болды. Біздің «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС  үшін де табысты да жемісті және жеңісті күндерге толы болды деп айтуға болады. Біз үлкен еңбек ұжымы болып, көптеген ауқымды жұмыстар атқардық. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды. Тапсырыс берушілермен ынтымақтастығымыз нығайып, бірлескен жұмысымыз одан әрі қарай жандана береді деп үміттенеміз.

Елеулі оқиғалар қатарында – автотұрағымыздың жаңаруы. Бұл жаңалық қызметкерлер мен Тапсырыс берушілерді қуантып, жұмыстың одан әрі өрлеуіне жол ашты. Бір жылдың ішінде судай жаңа 12 автобустар соның ішінде 4 үлкен кластағы заманауи «Hyindai Universе» автобустары мен «Toyota Coaster» маркалы автобустарының 8 бірлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қаржылық қолдауымен сатып алынды. Келесі жылы тағы 10 автобус (8-сыйымдылығы үлкен «Hyindai Universe», 2 – орташа «Toyota Coaster») сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жаңа көліктер Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қарасты кәсіпорындарға вахталық және кәсіпішілік ішкі тасымалдау бойынша қызметтерді ойдағыдай атқарып келеді.

Жыл соңын қорытындылай келе мекемеміздің барлық қызметкерлеріне 2021 жылы арқарған белсенділік пен адал еңбектері үшін алғыс айтамын. Біз барлық табысқа бір жұдырық боп жұмыла жұмыс істегеніміздің, жауапкершілігіміз бен мақсатқа жету жолындағы табан­дылы­ғымыздың арқасында қол жеткіздік деп білемін. Алдағы 2022 жыл осы ұстанымымызды одан әрі нығайтып, жаңа жеңістер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Толассыз еңбектеріңіз әрдайым жемісті болғай!

Келе жатырған 2022 жыл кең байтақ еліміз үшін құт-береке әкелсін! Сіздердің еліміз үшін өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін. Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңіздер! Бұл жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Келе жатқан тышқан жылына ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басайық!

Ізгі ниетпен,

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Е.Е. Турниязов 

Дата публикации: 0



10 апреля 2019

2018 жылғы атқарылған жұмыстар есебі

2018 жылғы атқарылған жұмыстар есебі 

19 марта 2019

ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ ӘЗ НАУРЫЗ! «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН 19 НАУРЫЗДА АТАП ӨТТІ

Қазақ даласына көктемдей нұрлы, күн дидарлы шуақты күндермен қатар келетін Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі әрі орны бөлек мейрамдардың бірі болып саналады. 

14 марта 2019

Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14–наурыз «Амал» мерекесі немесе «Көрісу» күні Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары асыға күткен мереке де келіп жетті.Осындай керемет мейрам туралы қысқаша мәлімет беріп өтейік. Тарихында көшпелі ғұмыр кешіп, шеті мен шегі жоқ далада тарыдай шашылып, киіз үйде тұрған қазақ халқы қар еріп, жер жіби бастағанда туған-туыс, жақын-жұрағатын іздеп, үскірік аязды алты ай қыстан мал-жанның аман-есен шыққанына шүкіршілік қылып бір-бірімен көріскен. 

7 марта 2019

8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сұлулық пен шуақты көктем мейрамы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС ер азаматтарының ұйымдастыруында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік ән шырқалып, шақырылған аруларға гүл шоқтары тарту етілді. 

19 февраля 2019

Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым!

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.  

28 декабря 2018

Послание Председателя правления, посвященное вопросам безопасности

Послание Председателя правления, посвященное вопросам безопасности  

14 декабря 2018

В ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн», ТОО «West Oil Software» и ТОО «БозашыТрансҚұрылыс» прошли торжественные собрания в канун Дня Независимости РК.

В канун Дня Независимости Республики Казахстан в ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» и в компаниях доверительных управляющих прошли торжественные собрания. 

10 декабря 2018

Итоги Спартакиады ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн», организованной ко Дню Первого Президента РК и ко Дню независимости РК

В период с 05 по 09 декабря 2018 года прошла Спартакиада ТОО "Ойл Транспорт Корпорейшэн", посвященная Дню Первого Президента РК и Дню независимости РК. Участники соревновались в пяти видах спорта (мини-футбол, волейбол, настольный теннис, шахматы, армрестлинг). 

4 декабря 2018

Программа Спартакиады ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн», организованной ко Дню Первого Президента РК и ко Дню независимости РК

Программа Спартакиады ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн», организованной ко Дню Первого Президента РК и ко Дню независимости РК 

22 ноября 2018

Участие ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» в проведении «WorldSkills Kazakhstan».

По Мангистауской области проведение регионального этапа Национального чемпионата профессионального мастерства «WorldSkills Kazakhstan» рабочих профессий организуется Управлением образования Мангистауской области совместно с областным акиматом. 

15 ноября 2018

«Қызан» қорымы

ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» серіктестігі басқармасы Қызан селосынан 2 км шығыс бағытында орналасқан  «Қызан» қорымында жұмыстар жүргізілді  

18 октября 2018

В Астане прошел турнир по мини-футболу среди ветеранов на КУБОК ПРОФСОЮЗА

В Астане прошел турнир по мини-футболу среди ветеранов на КУБОК ПРОФСОЮЗА, посвященный 5-летию образования КАЗМУНАЙГАЗПРОФ. 

25 сентября 2018

Шеберлікті шыңдау сайысы «Үздік маман – 2018»

Қыркүйектің 24-25 күндері Маңғыстау облысы мен Павлодар қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-¬ның өндірістік нысандарында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-де (Ақтау, Маңғыстау технологиялық транспорт басқармасы)  «Үздік маман – 2018» кәсіби шеберлік байқауы өтті.  

12 сентября 2018

Отчет генерального директора перед трудовым коллективом по итогам за 1-полугодие 2018 года

Предоставляем отчет генерального директора перед трудовым коллективом по итогам за 1-полугодие 2018 года

5 сентября 2018

365 дней без происшествий - на пути достижения 100% безопасности

365 дней без происшествий - на пути достижения 100% безопасности 

3 мая 2018

КазМунайГаз на пути к совершенству – сделать Безопасность и охрану труда личным делом каждого

Подводя итоги последних трех лет, можно признать, что мы достигли значительных успехов в обеспечении безопасности и охраны труда на производстве. Тем не менее мы должны быть неустанны в наших усилиях, направленных на обеспечение безопасности наших работников, активов и окружающей среды. 

28 апреля 2018

Обращение Председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» - Путь к совершенству от 27.04.2018г

Обращение Председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» - Путь к совершенству от 27.04.2018г 

7 марта 2018

Безопасность в КазМунайГазе: Наш путь домой!

Безопасность в КазМунайГазе: Наш путь домой! 

16 февраля 2018

Отчет за 2017-по ОТК

Отчет за 2017-по ОТК 

17 января 2018

Послания Председателя Правления АО НК «КазМунайГаз»

Начиная новый трудовой год, каждому работнику КазМунайГаз необходимо оценить свой личный вклад в улучшение безопасности труда и охраны здоровья, который способствует предотвращению происшествий и несчастных случаев на рабочих местах для достижения более высокого уровня безопасности и надежности.  

31 июля 2017

Конкурс «Үздік маман» 2017г.

Конкурс «Үздік маман» 2017г. 

30 июня 2017

Награды за безопасные условия труда, Астана 2017г

Сертификат качества профессиональной безопасности и награда за безопасность.

9 мая 2017

9-мамыр жеңіс күні!

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

8 марта 2017

Праздник женщин, весны, красоты!

День 8 марта - прекрасный повод для того, чтобы сердечно поблагодарить за доброту, мудрость, самоотверженность, которые так нужны в это непростое время. Без вашей помощи и поддержки не представляется настоящее и будущее независимого Казахстана, родного края. 


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828