RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым!

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1989 жылдың 15-ақпан күні Кеңестер Одағының әскері Ауған жерінен шығарылды. Міне, содан бері тура ширек ғасыр өтіпті. Ресми деректерге сүйенсек, 22 269 қаракөз сарбазымыз Ауғанстанда қан кешіпті. Олардың 21-і із-түзсіз жоғалып, мыңға жуығына Ауған жерінен топырақ бұйырған. 1015 азаматымыз елге мүгедек болып оралған. Қазір Ауған соғысында от кешкен 18 мыңнан аса азаматымыз арамызда жүр. Солардың ішінде «Бозашы Транс Құрылыс» ЖШС (БТКБ) 4 ардагер, «West Oil Servisec» ЖШС (ЖТКБ) 4 азаматымыз және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 3 батырларымыз бар.  

Соңғы совет әскерлері Ауған жерінен кеткеніне 30 жыл толуына орай  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-гі мекемеде қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Қан майданда жүріп Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар: Наурыз Муханбедиұлы Махамбетов, Сакыпкали Абденұлы Кенжебаев, Бердигали Утеулиұлы Сугиров кездесуге шақырылды.  Жиынға «ОТК» ЖШС басшылығы, «ОТК» ЖШС ӘБ «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының» төрағасы мен бөлім басшылары қатысты.

Кездесуде сөз алған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС директорының қызметкерлерді басқару, еңбек ақы төлеу және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Нұрлан Жабагиевич Құрмашев, ардақты батырларымыздың жиын қонағы болғанына алғысын білдіріп, ардагерлердің батылдықты және қаһармандықты көрсете білгені үшін, қоғамдық өмірге де белсене араласатындығын алға тартты. «ОТК» ЖШС ӘБ «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағының» төрағасы Марат Темірқасов азаматарға біздің еліміздің тыныштығы мен бақытты ұрпақтар үшін еңбектеріне алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында батырларымыз басынан өткен оқиғалары жайында еске түсіріп, алғаш Ауған жеріне барғандарын айтып берді. Ауған соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарай  келе,  жігерлі азаматтарымыздың  қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетті.

Осындай маңызды да, тағлымды шараның  құрметті мейманы ретінде шақырылған соғыс ардагерлерін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-і атынан ержүрек батырларымызға Отан алдындағы борыштарын  адал атқарғандары,  батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһармандығы үшін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығымен құттықтап, арнайы сыйлықтар табысталды.

Жарияланған күні: 0



9 шілде 2021

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды

31 мамыр 2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Аайдарбаевтың үндеуі

9 мамыр 2021

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

7 мамыр 2021

«7 мамыр –«Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтаймыз!»

1 мамыр 2021

Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!

19 сәуір 2021

Құрметті әріптестер!

23 ақпан 2021

Хабарландыру! Бірінші басшылардың есептік кездесулері

30 қазан 2020

«Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары»

26 қазан 2020

«Қысқы машина жүргізудің 10 ережесі» атты таныстырылымын назарыңызға ұсынамыз

14 қазан 2020

ГАЗ және оны пайдалану ережелері

2 қазан 2020

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Медициналық бетперде» постерді танысу үшін жіберді. 

24 қыркүйек 2020

Тұмауға қарсы екпені егу керек пе жоқ па?

“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Тұмауға қарсы екпені егу керек пе жоқ па?» атты бейнероликті танысу үшін жібереді. 

16 қыркүйек 2020

Тұмауға қарсы вакцинация туралы ақпарат

“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Тұмауға қарсы вакцинация туралы ақпаратты» танысу үшін жіберіп отыр. 

15 қыркүйек 2020

"Нысана" байланыс орталығы бойынша электрондық брошюраларды жариялаймыз

"Нысана" - "Samruk Research Servise" платформасы шеңберінде ПК және ЕТҰ қызметкерлерінің шағымдары мен өтініштерін қабылдайтын тәуелсіз жедел желі болып саналады.  

2 қыркүйек 2020

«Ойл Транспорт Корпорэйшн» ЖШС мұнай және газ саласы кешенінің қызметкерлері мерекесі күнімен құттықтап, «Үздік маман – 2020» жеңімпаздары анықталды.

Жарыстың ашылу салтанатында «ОТК» ЖШС өндіріс жөніндегі орынбасары Бердіғали Сүгіров сөз алып, мұнай және газ саласы кешені қызметкерлер мерекесімен құттықтай отыра, байқаудың өткізу маңыздылығына тоқтала кетті. 

28 тамыз 2020

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз 

28 тамыз 2020

ҚҰРМЕТТІ МҰНАЙШЫЛАР! ҚАДІРЛІ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Құрметті әріптестер, біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! 

20 тамыз 2020

Отчет генерального директора за 1 полугодие 2020 года

10 тамыз 2020

10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Құрметті отандастар! Биыл – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы. 10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!  

25 наурыз 2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жедел штабтың отырысын өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) төтенше жағдай режимін назарға ала отырып және өз қызметкерлері мен барлық мүдделі тараптары алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, сондай-ақ ашықтық пен айқындылық қағидаттарын ұстанып, коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы хабарлайды. 

4 қыркүйек 2019

Еңбегі еленген азаматтар

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС ұжымы және «Жас мамандар кеңесі» мүшелерімен бірге «Қазақстан мұнайына 120 жылдығы» және мұнай кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өндірісте жарақат алған қызметкерлерді көңілден таса қалдырмай, құрмет көрсетті.  

3 қыркүйек 2019

Бірінші басшының жарты жылдық қорытынды бойынша еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесуінің хаттамасы бойынша іс-шара

2 қыркүйек 2019

БІЗДІҢ МІНДЕТ – АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ

«Ардагерлеріміз – мақтанышымыз! Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз! Ардагерлеріміз – қазынамыз!» деген девизді ұстанған «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС) «Қазақстан мұнайының 120 жылдығын» және мұнай-газ саласының қызметкерлерінің төл мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.  

30 тамыз 2019

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Жеткергенұлы Кеулімжаев Конституция күнімен құттықтады

Құрметті қазақстандықтар!Тәуелсіздігіміз бен еңселі егемендігіміздің тірегі болған Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. 


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828