Хабарландыру АУП
Құрметті «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы, елімізде коронавирус инфекциясының (COVID-19) өршуінен туындаған қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылдың «10» тамыз күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ келген №06-06/4826 шығыс хатқа сәйкес, 2020 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша бірінші басшылардың есептік кездесулерін өткізбеу туралы шешім қабылданып, есеп беруді қашықтық форматына ауыстыруды ұсынған болатын.
Осыған орай, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерін кері байланыссыз қалдырмау үшін есепті кезеңдегі бірінші басшының есебін дайындау және сұрақтарды жинау жұмысы басталады. Осыған байланысты «19» тамызға дейін қызметкерлерден сұрақтар қабылданатынын еске саламыз.
Қойылатын сұрақтарыңызды Әлеуметтік саясат және әкімшіліктендіру секторының жетекші маманы Г.Кенджебаеваның (тел.нөмірі: 8701 816 62 22; 8771 866 96 96) электронды поштасына: g.kenjebaeva@aktauotc.kz жіберуіңізге болады. Хатта міндетті түрде аты-жөніңізді, бөліміңізді және лауазымыңызды көрсетуіңізді сұраймыз.