Жұмыс режимін қарастыру жөнінде «Сауалнама нәтижелерімен қызметкерлерге таныстыру»
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы, ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында өткізілген мекеменің еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылығын қаматамасыз ету, жұмыс жағдайын жақсарту және ұйым қызметкерлерінің тиімділік деңгейін арттыру мақсатында Сіздердің ой-пікірлеріңізді анықтау үшін сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама жүргізудің негізгі мақсаты «ОТК» ЖШС жұмыс күнінің ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс уақытының кестесін ауыстыру мүмкіндігін қарастыру. Мекеме қызметкерлерінің арасында жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуының нақты уақытының ыңғайлығы, оның жалпы ұзақтығын белгілеу, тамақтану мен демалуға арналған үзілістердің уақытының икемділігі анықталды. Сауалнама нәтижелері бойынша:
1) Қазіргі жұмыс уақытымен қалуы – 42%, дауыс берген 18 қызметкер;
2) 08:30-18:00 өзгеруі – 14%, дауыс берген 6 қызметкер;
3) 08:30-17:30 өзгеруі – 40%, дауыс берген 17 қызметкер;
4) Өз жауабын жазғандар - 4%, (2 қызметкер уақыттың өзгертілмеуін сұраған)
Сауалнама нәтижелері бойынша жұмыс уақыты өзгеріссіз қалатынын хабарлаймыз.