Хабарландыру
"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС (130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 25 ш / а.. ғимарат 34 БСН: 010840003679, корпоративтік веб-сайт www.otk.kz, тел.8 (7292) 211-245, 211-328 мүлікті (активтерді) голланд әдісімен сату бойынша сауда - саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатылатын мүлік (активтер) - бұрын пайдаланылған аккумулятор батареялары
Сауда-саттықты өткізу орны: АҚ «Modern Trading Solutions» тауар биржасы», электрондық сайты www.webmts.net
Тауар бағасы қадамының шамасы: сату объектісінің бастапқы ұсынысының бағасынан 5% (бағаның өсуі).
Сауда-саттыққа қатысуға тауар биржасы тағайындаған брокер арқылы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар ниет білдіре алады.
Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға брокермен жасалған шартқа қол қоюға және ол үшін келесі құжаттар қажет болатын тіркеу рәсімінен өтуге тиіс (брокерге жіберіледі):
Ø egov анықтамасы (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама);
Ø салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;;
Ø Ø брокерлік қызмет көрсету туралы қол қойылған шарт.
Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға брокермен жасалған шартқа қол қоюға және ол үшін келесі құжаттар қажет болатын тіркеу рәсімінен өтуге тиіс (брокерге жіберіледі):
Ø Ø брокерлік қызмет көрсету туралы қол қойылған шарт.
Тауар биржасында тіркелгеннен кейін Сатып алушы өткізілетін сауда-саттыққа және брокер арқылы сауда-саттықты өткізу тәртібі мен ережелеріне байланысты барлық кейінгі ақпаратқа қол жеткізе алады.
Сатып алу-сату шартын жасасу кезінде Сатып алушы сатып алынған негізгі құралдар мен ТМҚ-ны "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС көлік басқармаларының өндірістік базаларының аумақтарынан (техникалық ерекшелікке сәйкес) өзі әкету бойынша шығыстарды көтереді, сондай-ақ Тараптар сатып алу-сату шартына қол қойған және сатушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген шот-фактураның түпнұсқасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тауар үшін құнының 100% - ын төлейді. Сатылатын бұрын пайдаланылған аккумулятор батареяларысатып алушыға оның құнын 100% төлеген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі. Беру фактісі қабылдау-беру актісімен расталады. Шарттың бағасына: меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуге байланысты төлемдер мен өзге де шығыстар; сақтандыруға арналған шығыстар, мүлікті әкету бойынша көлік шығыстары кірмейді. Шарттың бағасы тұрақты, бекітілген болып табылады және Тараптардың өзгертуіне жатпайды.
Тауар биржасында сату қызметтері үшін шығыстарды сатып алушы өзі көтереді.
- www.webmts.net сайт арқылы Тауар биржасының мүшелері бөлімінен тауар биржасында тіркелген брокерлерді таба аласыз.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (775) 499-88 95 (Казбек Жуманиязович) телефондары арқылы алуға болады.
Өткізілетін аукцион және техникалық ерекшелік туралы толық ақпарат пен анықтаманы 8 (7292) 211-245, 211-328 ӨТБ телефондары арқылы алуға болады.
Тіркелген файлдар:
1 мамыр – ҚР бірлігі кұнімен құтықтаймыз!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз мерекесіне ақ дастархан жайылады
Көктемнің алғашқы күні, «Алғыс айту» күні құтты болсын!