RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) жолаушыларды, оның ішінде мұнайшыларды кенорынға тасымалдау саласында сапалы қызмет етіп, 50 жылдан астам уақыт ішінде сенімді және тұрақты серіктес ретінде беделге ие болып, қызмет көрсетуді жетілдіру мен дамыту жолында көптеген белестерді бағындырды. Қазіргі таңда серітестікте автобус саны 135-ке жетті. Яғни, бұл дегеніміз Қазақстан Республикасындағы өндірістік мекемелер арасындағы көлік қызметтерін көрсететін ұйымдардың  алдыңғы қатарларынан көрініп, осындай алып автопарк кәсіби дайындылығымен  танылып келе жатыр.

Көлік саласында қызмет көрсететін ұжымның тәжірибесі мол, жүргізушілердің орташа жасы 48-де, ал көлік саласында еңбек өтілі орташа алғанда 20-жылды құрайды. Мекемеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі барлық талаптарға сәйкес ұйымдастырлған. Атап өтетін болсақ, мезгіл сайынғы техникалық байқаулар, күнделікті линияға шығар алдынғы тексерулер, техникаға GPS-бақылау, жүргізушілер денсаулығын жыл сайынғы толықтай және күнделікті тексерулер жүргізіледі және оларды үнемі оқыту қолға алынған. Биылдан бері өңірде бұрын автобустарға қолданбаған қысқы дөңгелектер сатып алынып, суық мезгілде автобустарға орнатылып бастады. 

Осының барлығы мұнайшыларды жайлы жағдайда, қауіпсіз және ауқытылы кенорындарға тасымалдау жағынан сапалы қызмет етуге толықтай кепілдік береді. Оның бір мысалы – сонғы он жылда мекемемізде жолаушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірген ауыр зардаптармен жол оқиғасы тіркелмеген.   

Мекеме қызметін жетілдіру бағытында жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді. Оның бірден-бір дәлелі ретінде жылдан-жылға автопарк жаңарып, жаңа автобустар алынып, қолданысқа беріліп жатыр. «ОТК» ЖШС 20 жыл мерейтойына тұспа-тұс келген бұл салтанатты шара Серіктестіктің тарихында маңызды күн ретінде есте қалатын болады.

Былтырдан бері, экономикалық қиындықтарға қарамастан біздің құрылтайшымыз «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК қолдауымен  автопаркті жаңғырту ісі қолға алынған болатын. Еске сала кетейік, 2021 жылы 4 Hyundai Universe Luxury үлкен автобустары және Toyota Coaster маркалы автобустарының 8 данасы сатып алынды. Ал, биыл жыл басынан 2 Toyota Coaster алынып, қазір міне 8 Hyundai Universe-тің іске қосылып жатыр. Барлығы соңғы екі жыл ішінде 22 жаңа автобус елдің игілігіне берілген болатын. 

Еуропалық сапаны және қауіпсіздік стандарттарының талаптарын өзіне жинақтаған Hyundai Universe автобустары 365 күн сайын күніне екі рет кенорын және қалааралық бағыттарда жұмыс істейді. Автобустар күніне әрқайсысының жүгірісі 500 км-ге дейін жетсе, жылына 180-200 мың км-ге жетеді. Бұл автобустар екі ауысымды режимде жұмыс атқаратындықтан, олардың әрқайсысына екі жүргізуші бекітілген. Осы автобустың моделі тартымды дизайнымен және салоны эргономикалық тұтастығымен, төзімді және үнемді моторымен жабдықталған. Ыңғайлы және эргономикалық салон ұзақ сапар бойы жолаушыларға барынша жайлылықты қамтамасыз етеді. Жүк көтергіш корпус максималды қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

Бұл автобустардың бұрынғы модельдерімен салыстырғанда шанақ 15% - ға қаттылығы ұлғайтылып, тұтас монокок технологиясы бойынша орындалған. Шанақтың жаңа түрін пайдалану оның қаттылығын және қауіпсіздігін арттыруға және аэродинамиканы жақсартуға ғана емес, сондай-ақ басқарушылыққа да оң әсерін тигізеді, сонымен қатар жолдардағы кедергілерден және жол сапасы нашар аймақтарда жүрген кезде тербелістерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Салатанатты шарада «ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы шараға қатысқан тапсырыс беруші мекемелер өкілдеріне  мекемеге сенін артып жүргендеріне алғыс айтып, қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстар әрі-қарай үнемі тұрде жалғасатынына сенімін білдірді. - «Құрметті жүргізушілер, алып жатқан көліктерің құтты болсын дей отырып, жол ережелерін сақтай жүріп, автобустарды ұқыпты ұстап, мұнайшыларды жұмыстары мен үйлеріне аман есен жеткізу үстінде сақтық танытуды сұраймын. Әрдайым сапарларының сәтті, жолдарының ашық болсын!» деп тілегін білдіріп, автобустардың кілттері салтанатты түрде табыстады. 

Арнайы шақыртумен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі кеңесшісі Төлеғожаев Жетібай Қуанайұлы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көлік департаментінің директоры Айтбаев Қожахмет Сұлтанғалиұлы шараға ат салысып, мұнайшыларға жасалып жатырған осындай ауқымды жағдайлар легі көп болуын тіледі.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның көлік жөніндегі басқарушы директоры Дүйсебеков Нұрлан Хибатуллаұлы,  «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның пайдалану бөлім басшысы Нысанбаев Айдарбек Айтжанович және бас директор көмекшісі Серікқали Доғдырбайұлы Амангелді шараға қатысып, екі мекеме арасындағы 10 жылдық қарым-қатынас алға өрлей беріп, сатып алынып жатырған су жаңа көліктер мұнайшыларды тасымалдау жолында жақсы қызмет атқаруына тілектес білдірді. 

2021 жылы сатып алынған көліктерді пайдалануға берілгелі бері халықтың ризашылығын алып келе жатырсыздар. Алдағы уақытта ел үмітін ақтар абыройлы істеріңізге сəттілік серік болсын. Жұмыстарыңыз жемісті болып өңірімізде көлік саласының дамуына күш салыса беріңіздер» - деп тілегін «Oil Services Company» ЖШС автокөлік басқармасының басшысы Серікбаев Абзал Бақтыгерейұлы.

 

Жарияланған күні: 0



20 ақпан 2025

Бірінші басшының 2024 жылдың

Ағымдағы жылдың «19» ақпан күні «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы ішкі коммуникациялар ережесіне сәйкес Бірінші басшының 2024 жылдың қорытынды есептік кездесуі өткенін хабарлаймыз. 

19 ақпан 2025

«19» ақпан 2025 жылы «ОТК» ЖШС бірінші басшының жылдық қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесуі өтті

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің (бұдан әрі – ОТК) әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің талаптарын қарастыру мақсатында, «Бірінші басшының еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесу» 2024 жылдың қорытынды есептік кездесуін бас директоры еңбек ұжымымен толықтай таныстыратын атап өтті. 

23 желтоқсан 2024

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін жақсартуға қосқан үлестері үшін қызметкеткерлердің жақындарына «ОТК» атынан алғыс хаттар табысталды

«2024 жылға арналған Жол картасы» іс-шаралар жоспарын орындау үшін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан кейін - «ОТК») еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін жақсартуға қосқан үлестері үшін қызметкеткерлердің жақындарына «ОТК» атынан алғыс хаттар табысталды. Біздің ұйымға аса маңыздылықпен қаралатын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және тиісті мәселелерін жақсартуға септігін  тигізіп, белсенділік танытқандары үщін төмендегі қызметкерлердің жақындарына алғыс айтамыз:

17 желтоқсан 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қыздар волейбол командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік мерекесіні орай ұйымдастырылған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ серіктес компаниялары арасында дәстүрге айналған әйелдер волейболдан "MMG CUP" байқауы өткізілді. 

18 қазан 2024

Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының құрылғанына 60 жыл

Бағыты айқын, мақсаты анық, қадамы нық – Маңғыстау технологиялық көлік басқармасы!

Маңғышлақ түбегінің табиғи байлығын заманауи автокөлік құралдарынсыз игеруді елестету мүмкін емес.  


14 қазан 2024

Ақтау қаласында “ҚМГ” АҚ ҰК “Үздік маман-2024” байқауында “ОТК” ЖШС атынан мекеменің үздігі атанған Досан Райсов жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады

Ақтау қаласында “ҚМГ” АҚ ҰК “Үздік маман-2024” байқауында “ОТК” ЖШС атынан мекеменің үздігі атанған Досан Райсов жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. 

14 қазан 2024

«ОТК» ЖШС қызметкерлері Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының жанында ағаш көшеттерін отырғызу бойынша “ҚМГ” АҚ ҰК бастауымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты

12 қазан 2024

«Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай Спартакиаданың» финалдық жарысы өтті

Сіздердің назарларыңызға «ОТК» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының 60 жылдық мерекесіне орай өткізілген қызметкерлер арасындағы Спартакиада-2024 финалдық туры сәтті аяқталды. 

7 қазан 2024

«Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай Спартакиаданың» садақ ату бойынша жарысы өтті

07.10.2024 ж. “ОТК» ЖШС қызметкерлері арасында садақ ату мен асық ату жарыстары өтті.  

4 қазан 2024

«Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай Спартакиаданың» бірінші туры басталды

23 қыркүйек 2024

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына ОТК ұжымы белсенді ат салысуда

24 тамыз 2024

Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылдың көктемінен бастап республика көлемінде «Таза Қазақстан» атты ауқымды экологиялық акциясы жүргізілуде

20 тамыз 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2024 жылдың жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстар есебі

16 тамыз 2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Маңғыстау облысындағы кәсіподақ жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді

30 шілде 2024

«Үздік маман – 2024»

27 маусым 2024

100 балаға жазғы демалыс лагеріне жолдама алынды

27 маусым 2024

"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының Спартакиада – 2024 іріктеу турына қатысты

21 наурыз 2024

«ОТК» ЖШС Наурыз мейрамы аталып өтті

14 наурыз 2024

14 наурыз күні «ОТК» ЖШС «Амал мерекесі» деп аталып өтті

16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты


Жакупов Чингиз Сеильбекович

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: ch.zhakupov@otc.kmg.kz

Телефон: +7 72 92 21 63 38