RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

«Үздік маман – 2024»

2024 жылдың «30» шілде күні «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің Маңғыстау техникалық көлік басқармасы (бұдан әрі – МТКБ) аумағында автокөлік жүзгізушілері арасында «Үздік маман - 2024» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға 8 маман қатысып, бақтарын сынап көрді.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» Серіктестігінің бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сапар Ускенов жұмысшылардың кәсіби деңгейін арттыратын, өндіріс тиімділігін жоғарлататын, бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын дәстүрлі үздіктердің үздігін анықтайтын бұл жарыста қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар сайыстың бекітілген бағдарламасымен танысып, медициналық тескерістен өтіп, сайыс ұйымдастырылып отырған аумақтағы тұлғаларға еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, жол қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. 8 қызметкер екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезең тест арқылы қатысушылардың теориялық білімі тексеріледі, ал екінші кезеңде байқауға қатысушылар «ПАЗ» автобусымен практикалық тапсырмаларды орындады. Теориялық білімімен бақ сынасқан 8 қызметкердің ішінен 4 қызметкер іріктеліп келесі кезеңге жолдама алды. Жеребе тасталып, практикалық тәжірибе бойынша арнайы көлікпен тәжірибелік сайысқа түсті.

Конкурстық комиссия мүшелері практикалық тапсырмаларды орындау сапасы мен теориялық дайындығын бағалап, үздік көлік жүргізушісін анықтады.   Байқау нәтижесінде, қиын бөгеттерден сүрінбей өткен, жол-көлік ережесін, нормалары мен талаптардың орындалуын мұқият қадағалаған МТКБ №1 автотізбек жүргізушісі Досан Райсов І орынға ие болды. МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Асет Кулмаганбетов ІІ орынды қанжығасына байлады. ІІІ орынға МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Азамат Якупбаев ие болды.

  

Жарияланған күні: 0



29 қыркүйек 2016

Жастар cайысы

Жас мамандардың  ұйымдастыруымен  өткізілген «шағын футбол» арасындағы  жарыстың жеңімпаздары: 

18 қыркүйек 2016

Шағын футбол туралы хабарландыру

14.09.2016 ж. сағат  18:30,  17.09.2016 ж.  сағат15:00-де « Ақтау ойын сауда кешенінде» ӘБ, МТКБ, ЖТКБ, ОЖЦ, БТКБ арасында жас мамандардың ұйымдастырумен шағын футболдан жарыс өтетіндігін, сонымен қатар 14.09.,17.09 күні жарыс 1 сағатқа созылуына байланысты    21.09.16ж күні шағын футбол болмайтынын хабарлаймыз. 

2 қыркүйек 2016

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймыз!

Жер қойнауынан қара алтынды игеріп, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз. Әрқашан да жасампаз еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп, Тәуелсіз Қазақ елінің туы биік, тұғыры мықты болып, қарыштап дамуы үшін қажырлы үлестеріңізді қоса беріңіздер! Алдағы уақытта мұнайшылар қауымының асқаралы асуларды бағындырып, асқақ биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

26 тамыз 2016

2016 ж 1-жарты жылдығындағы Бірінші басшының кездесулері

3 тамыз 2016

2016 жылдың 1 жарты жылдық есебі

Бірінші басшының есептік кездесуінде ұжымға жеткізілетін ақпараты

18 шілде 2016

«Үздік маман-2016»

2016  жылдың 9 шілдесі күні ЖШС «Ойл Транспорт Корпорейшэн» бойынша кәсіби шеберлікті анықтау мақсатында өткізілген «Үздік  маман » сайысының  жарысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша келесі орындар беріліп, «Үздік маман» анықталды: 

30 мамыр 2016

«Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр» қайырымдылық акциясы.

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобында КМГ Жастар кеңесінің бастамасы бойынша өткізілген «Сіздер сыйға тартқан бейбіт ғұмыр»  қайырымдылық акциясы  «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері тарапынан жылы қабылданып, қолдау тапты.  

23 мамыр 2016

2015 жылға Бірінші басшының есеп беру құжаттамасы


4 мамыр 2016

Наурыз мейрамына арнап 15.03.2016 Ж өткен ЖШС «ОТК» мекеме ішілік «ШАҒЫН ФУТБОЛДАН» өткен жарыс


Жакупов Чингиз Сеильбекович

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: ch.zhakupov@otc.kmg.kz

Телефон: +7 72 92 21 63 38