RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14–наурыз «Амал» мерекесі немесе «Көрісу» күні Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары асыға күткен мереке де келіп жетті.

Осындай керемет мейрам туралы қысқаша мәлімет беріп өтейік. Тарихында көшпелі ғұмыр кешіп, шеті мен шегі жоқ далада тарыдай шашылып, киіз үйде тұрған қазақ халқы қар еріп, жер жіби бастағанда туған-туыс, жақын-жұрағатын іздеп, үскірік аязды алты ай қыстан мал-жанның аман-есен шыққанына шүкіршілік қылып бір-бірімен көріскен. «Бір жасқа шығуыңмен!»- деген тілектің артында «Қыстан аман шығып, жаңа жылға қадам басуыңмен!»-деген тілек жатыр. Көріскенде адамдар бір-біріне «Қосқан жасың құтты болсын!», «Ғұмырың ұзақ болғай!»-деген ақтайлақ ниетін айтады.

Амал мерекесі–үлкен мен кішінің арасында сыйластық пен сыпайылық орнататын имандылыққа негіз салған әрі адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіретін, араздықты ұмытатын, бір-біріне амандық-саулық тілейтін мереке. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, құттықтап жатады.

Осы жылы «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Амал» мейрамын жоғары деңгейде атап өтті. Барлық қызметкерлер бір дастархан басында жиналып, қол алысып, бір-біріне амандық-саулық тілеп, құттықтады.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Кеулімжаев «Келіп жеткен осындай керемет Амал мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жылдан жылға жете берейік!» деп ізгі тілегін білдірді.

Мерекелік дастарханда қазақтың ұлттық тағамдар ішінен бауырсақ, құрт, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, балқаймақ, қазы сынды дәстүрлі тағамдарымен көмкеріп, наурыз көжесін дайындап, Сенімгерлік Басқармалардан арнайы көрісуге келген қонақтарға қазақтың дәстүрлі сусыны Шұбат ұсынылды. Оларға ерекше ілтипат көрсетіліп, төріне шығарып, ас ұсынылды.

Бүгінгі келіп жеткен «Пенденің аузы – аққа, малдың аузы – көкке тиген күн» - Амал мерекесімен құттықтаймыз! Жанамыз да, тәніміз де жаңара бергей! Баршаңызға жыл құтты болып, жақсылық, ырыс, несібесін ала келсін! Жыл сайын тойланып, дәстүрдіі дәріптеу кең етек алсын!

 

Жарияланған күні: 0



16 қаңтар 2024

Қызметкерлердің құқықтық қорғлуын қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында компанияда Омбудсмен лауазымы бар.

13 қаңтар 2024

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Жас мамандар кеңесінің мүшелері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының арадерлерін құттықтады

27 желтоқсан 2023

«Жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау» қамқорлық акциясын «ОТК» ЖШС жас мамандар кеңесі жалғастыруда

26 желтоқсан 2023

Ерекше қажеттілігі бар балаларға «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары қайымдылық шарасын жасап, «Жаңа жылдық» сыйлықтармен қуантты

20 желтоқсан 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жас мамандары «Quiz» ойынына қатысты

18 желтоқсан 2023

"West Oil Software" ЖШС басшылығы жұмысшылардың 11 желтоқсаннан бері жалғасып келе жатырған ереуіліне қатысты мәлімдеме.

5 желтоқсан 2023

Кайдзен

29 қазан 2023

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС үздік деп танылды

29 тамыз 2023

«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балаларының демалысы туралы мақала және фотосуреттер

10 тамыз 2023

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы

8 тамыз 2023

Танысуға арналған материалдар

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

5 шілде 2023

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

2 маусым 2023

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі өрендер» байқауы өтті

5 мамыр 2023

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023

7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


14 наурыз 2023

Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті

2 наурыз 2023

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз

26 қаңтар 2023

«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

19 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.

12 желтоқсан 2022

«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.

3 желтоқсан 2022

«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті

30 қараша 2022

Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды

21 қараша 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828