Спартакиада – 2023 басталуы туралы хабарландыру
Құрметті «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы, ағымдағы жылдың «20» қазан айында мекеме қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өткізілетінін хабарлаймыз. Қазіргі таңда спорт түрлері бойынша қатысушылар құрамын дайындау жұмыстары басталды. Төменде спартакиаданың 9 спорт түрлерін көрсетеміз: 1. Мини-футбол; 2. Волейбол; 3. Баскетбол; 4. Шахмат ойыны; 5. Жүзу – 100 м. 6. Үстел теннисі (ерлер мен әйелдер); 7. Арқан тарту; 8. Қол күресі (жаңадан қосылды); 9. Асық ату; Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. Баршаңызды жарысқа қатысуға шақырамыз. Жарысқа қатысуға ниет білдірсеңіздер Әлеуметтік саясат және әкімшіліктендіру секторына хабарласуыңызды сұраймыз: 21-11-74, 21-11-26. Жарыстардың ережелері туралы толық ақпараттар команда ойыншылары жинақталғаннан кейін, алдағы уақытта түсіндірілетін болады.