Ақтауда соғыс ардагері Асан Аймағамбетов қайтыс болды
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының №1 авто тізбек жүргізушісі болып жұмыс жасайтын Ануар Эсенкосович Аймагамбетовтің атасы болып саналады.
Асан Аймағамбетов 17 жасында ол 1942 жылы соғысқа шақыру алып, пулемет пен ату жаттығуларынан өткеннен кейін ол Воронеж майданының 21-ші армиясының құрамына кіреді.
Соғыс ардагері Молдованы, Польшаны азат етуге қатысып, Берлинге дейін жеткен. Жауынгерлік еңбегі үшін ІІІ дәрежелі “Даңқ”, І дәрежелі “Отан соғысы” ордендерімен, “Берлинді алғаны үшін” және 1941-1945 жылдары ҰОС-да Германияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталған.
Асан Аймағамбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып «ОТК» ЖШс ұжымы көңіл айтады. Сіздерге күш-қуат пен сабыр тілейміз.
Өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған нағыз патриот Асан ағамыздың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.