«Үздік маман – 2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің Маңғыстау техникалық көлік басқармасы (бұдан әрі – МТКБ) аумағында автокөлік жүзгізушілері арасында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсы жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіні белгілі. Жұмыстың қыр-сырын меңгере және тәжірибелерімен бөлісе отырып, жұмысшылар өндірістің тиімділігін арттыруға, біліктілікті жетілдіруге, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға және бар күш жігерін жұмсауға ықпал етеді.
Арнайы көлік тізгінін ұстаған мамандар жайлы қысқаша мәлімет айта кететін болсақ, көлік жүргізуші маманы күрделі көліктің – заманауи автобустың құрылымын және аспаптарын өте жақсы деңгейде білуі қажет. Сонымен қатар, қауіпсіз көлік жүргізу техникасын, физика, механика, өмір қауіпсіздігінің негіздерін білуі шарт. Арнайы көлікті тізгіндеген мамандарға жүктелген жауапкершілік жүгі зор. Сақтықты сұңқардай үйренген көлік жүргізушілері жолаушылардың өмірін бірінші орынға қояды. Сондықтан арнайы көлік жүргізу екінің бірінің қолынан келе беретін оңай - оспақ іс емес.
ЖШ «Ойл Транспорт Корпорейшэн» Серіктестігінің бас директоры Кеулімжаев Серік Жеткергенұлы осындай кәсіби шеберлік конкурсында қызметкерлер тек жеңіске жетіп қана қоймай, көлік саласындағы шеберлікті жетілдіруге, шыңдай түсуге, қызығушылықты күшейтуге көмектесетін сайыс болып табылатындығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осындай салтанатты шараның маңыздылығын «ОТК» ЖШС «Қызметкерлердің жершілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Темірқасов Марат Бурибайұлы өз сөзінде айтып өтті. Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатырған байқау қызметкерлердің жұмысқа деген жауапкершілігін арттырып, белсенділігін күшейтеді» - деді.
«Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі сайысқа мекеме ішінен 8 қызметкер қатысып, сайыстың бағдарламасымен танысты. Бұл жолы сайыс екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең теориялық тесттен тұрса, екінші кезең тәжірибелік сайыспен аяқталды. Сайыстың бағдарламасы бойынша қатысушылар медициналық тескерістен өтіп, сайыс ұйымдастырылып отырған аумақтағы тұлғаларға еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, жол қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілгеннен кейін қатысушылар теориялық тесті тапсыру кезеңіне кірісіп кетті. Жеребе тастау әдісімен практикалық тәжірибе өтушілердің кезектері белгілі болды. Комиссия мүшелері ережелердің сақталуын мен талаптардың орындалуын мұқият қадағалап отырды. Бұл кезең қызықты да тартысты өтті. Себебі не бір қиын бөгеттерден өту үшін әрі белгіленген уақытта аяқтау үшін қатысушылар біраз тер төкті.
Конкурстық комиссия мүшелері тәжірибелік тапсырмаларды орындау сапасы мен теориялық дайындығын бағалап, үздік көлік жүргізушісін анықтады. Байқау нәтижесінде: тәжірибелі әріптестерін озып шыққан МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Құлынтаев Ислам бас жүлдеге ие болды. ІІ орынға МТКБ №2 автотізбек Тайлақов Айдын қол жеткізсе, жүлделі ІІІ орынға МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Қабиев Дастан ие болды.
Байқау жеңімпазы Татарстан Республикасы Альметьевск қаласында өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2019» кәсіптік байқауының финалдық кезеңіне қатысады.
Барша қатысушылар үлкен ынта жігер көрсетіп, жауапкершілікті ақтап шықты. Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС әкімшілігі
Жарияланған күні: 05 мамыр 2023
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
5 мамыр 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
14 наурыз 2023
Біздің ұйымда Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтті
2 наурыз 2023
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстар есебімен таныстырамыз
26 қаңтар 2023
«ОТК» ЖШС бірінші басшысының еңбек ұжымы алдындағы 2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылдың жартыжылдық қорытындылары туралы есеп беру кездесулерін өткізу кестесі
19 желтоқсан 2022
«ОТК» ЖШС барлық автобустарға қысқы автошиналар орнатылды.
12 желтоқсан 2022
«ОТК» ЖШС шыныққан шымыр қызметтерлер арасында «30» қараша мен «09» желтоқсан аралығында тартысты жарыс өтті.
3 желтоқсан 2022
«Үстел теннисі» ойынының іріктеу туры өтті
30 қараша 2022
Спартакиада-2022 «30» қараша күні іріктеу туры сәтті аяқталды
21 қараша 2022
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы арасында Спартакиада – 2022 басталды
16 қыркүйек 2022
ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН «ОТК» ЖШС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
2 қыркүйек 2022
МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚҚАН «ОТК» ЖШС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ МЕН АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
1 қыркүйек 2022
2022 жылдың жарты жылында «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атқарылған жұмыстар есебі
24 тамыз 2022
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2022» жеңімпаздары анықталды
15 тамыз 2022
«ҮЗДІК МАМАН-2022» кәсіби конкурс өткізу туралы хабарландыру
15 тамыз 2022
Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!
2 тамыз 2022
ЖАДНАМА
30 шілде 2022
«ОТК» ЖШС қызметкерлерінің балалары жазғы демалыс лагеріне барып дем алды»
4 шілде 2022
Жазғы спартакиада
24 маусым 2022
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-20 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді
1 маусым 2022
1 маусым - Балаларды қорғау күніне» және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 20 жылдығына орай қызметкерлердің балалары арасында ««Ата-анам – мақтанышым!» атты қолөнер сайысы өткізілді
13 мамыр 2022
«2021 жылда «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атқарылған жұмыстар есебі»
8 мамыр 2022
9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
6 мамыр 2022