«Үздік маман – 2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің Маңғыстау техникалық көлік басқармасы (бұдан әрі – МТКБ) аумағында автокөлік жүзгізушілері арасында «Үздік маман-2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Дәстүрлі кәсіби шеберлік конкурсы жұмысшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіні белгілі. Жұмыстың қыр-сырын меңгере және тәжірибелерімен бөлісе отырып, жұмысшылар өндірістің тиімділігін арттыруға, біліктілікті жетілдіруге, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға және бар күш жігерін жұмсауға ықпал етеді.
Арнайы көлік тізгінін ұстаған мамандар жайлы қысқаша мәлімет айта кететін болсақ, көлік жүргізуші маманы күрделі көліктің – заманауи автобустың құрылымын және аспаптарын өте жақсы деңгейде білуі қажет. Сонымен қатар, қауіпсіз көлік жүргізу техникасын, физика, механика, өмір қауіпсіздігінің негіздерін білуі шарт. Арнайы көлікті тізгіндеген мамандарға жүктелген жауапкершілік жүгі зор. Сақтықты сұңқардай үйренген көлік жүргізушілері жолаушылардың өмірін бірінші орынға қояды. Сондықтан арнайы көлік жүргізу екінің бірінің қолынан келе беретін оңай - оспақ іс емес.
ЖШ «Ойл Транспорт Корпорейшэн» Серіктестігінің бас директоры Кеулімжаев Серік Жеткергенұлы осындай кәсіби шеберлік конкурсында қызметкерлер тек жеңіске жетіп қана қоймай, көлік саласындағы шеберлікті жетілдіруге, шыңдай түсуге, қызығушылықты күшейтуге көмектесетін сайыс болып табылатындығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осындай салтанатты шараның маңыздылығын «ОТК» ЖШС «Қызметкерлердің жершілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Темірқасов Марат Бурибайұлы өз сөзінде айтып өтті. Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатырған байқау қызметкерлердің жұмысқа деген жауапкершілігін арттырып, белсенділігін күшейтеді» - деді.
«Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі сайысқа мекеме ішінен 8 қызметкер қатысып, сайыстың бағдарламасымен танысты. Бұл жолы сайыс екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең теориялық тесттен тұрса, екінші кезең тәжірибелік сайыспен аяқталды. Сайыстың бағдарламасы бойынша қатысушылар медициналық тескерістен өтіп, сайыс ұйымдастырылып отырған аумақтағы тұлғаларға еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, жол қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілгеннен кейін қатысушылар теориялық тесті тапсыру кезеңіне кірісіп кетті. Жеребе тастау әдісімен практикалық тәжірибе өтушілердің кезектері белгілі болды. Комиссия мүшелері ережелердің сақталуын мен талаптардың орындалуын мұқият қадағалап отырды. Бұл кезең қызықты да тартысты өтті. Себебі не бір қиын бөгеттерден өту үшін әрі белгіленген уақытта аяқтау үшін қатысушылар біраз тер төкті.
Конкурстық комиссия мүшелері тәжірибелік тапсырмаларды орындау сапасы мен теориялық дайындығын бағалап, үздік көлік жүргізушісін анықтады. Байқау нәтижесінде: тәжірибелі әріптестерін озып шыққан МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Құлынтаев Ислам бас жүлдеге ие болды. ІІ орынға МТКБ №2 автотізбек Тайлақов Айдын қол жеткізсе, жүлделі ІІІ орынға МТКБ №2 автотізбек жүргізушісі Қабиев Дастан ие болды.
Байқау жеңімпазы Татарстан Республикасы Альметьевск қаласында өтетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2019» кәсіптік байқауының финалдық кезеңіне қатысады.
Барша қатысушылар үлкен ынта жігер көрсетіп, жауапкершілікті ақтап шықты. Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС әкімшілігі
Жарияланған күні: 022 наурыз 2022
Наурыз мейрамы құтты болсын!
14 наурыз 2022
«ОТК» ЖШС «Амал мерекесі» аталып өтті.
7 наурыз 2022
8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
1 наурыз 2022
Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
9 қаңтар 2022
Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары
30 желтоқсан 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы
28 желтоқсан 2021
Ойл Транспорт Корпорейшэн» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің 2021 жылдың әлеуметтік маңызды іс-шаралар қорытындысы
«Ойл
Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2021 жылы әлеуметтік маңызды шаралардың
атқарылуы туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, қызметкерлердің
назарларына ұсынылды.
15 желтоқсан 2021
Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.
23 қараша 2021
Спартакиада 2021 бағдарламасы
15 қараша 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.
«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады.
9 шілде 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды
31 мамыр 2021
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Аайдарбаевтың үндеуі
9 мамыр 2021
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
7 мамыр 2021
«7 мамыр –«Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтаймыз!»
1 мамыр 2021
Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!
19 сәуір 2021
Құрметті әріптестер!
23 ақпан 2021
Хабарландыру! Бірінші басшылардың есептік кездесулері
30 қазан 2020
«Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары»
26 қазан 2020
«Қысқы машина жүргізудің 10 ережесі» атты таныстырылымын назарыңызға ұсынамыз
14 қазан 2020
ГАЗ және оны пайдалану ережелері
2 қазан 2020
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Медициналық бетперде» постерді танысу үшін жіберді.
24 қыркүйек 2020
Тұмауға қарсы екпені егу керек пе жоқ па?
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Тұмауға қарсы екпені егу керек пе жоқ па?» атты бейнероликті танысу үшін жібереді.
16 қыркүйек 2020
Тұмауға қарсы вакцинация туралы ақпарат
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Тұмауға қарсы вакцинация туралы ақпаратты» танысу үшін жіберіп отыр.
15 қыркүйек 2020
"Нысана" байланыс орталығы бойынша электрондық брошюраларды жариялаймыз
"Нысана" - "Samruk Research Servise" платформасы шеңберінде
ПК және ЕТҰ қызметкерлерінің шағымдары мен өтініштерін қабылдайтын
тәуелсіз жедел желі болып саналады.