Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының құрылғанына 60 жыл
Бағыты айқын, мақсаты анық, қадамы нық – Маңғыстау технологиялық көлік басқармасы!
Маңғышлақ түбегінің табиғи байлығын заманауи автокөлік құралдарынсыз игеруді елестету мүмкін емес. Ол кезде Маңғышлақ технологиялық көлік басқармасының (бұдан әрі – МТКБ) көпұлтты ұжымы осы жалпыхалықтық іске белгілі бір үлес қосты. Бұл басқарма кезең-кезеңімен қалыптасу кезеңінен өтті. Өндірістік міндеттердің өсуіне қарай Маңғыстау технологиялық көлік басқармасы дамыды. Тамыры тереңге кеткен тарихы бай ұйым бұл түбектегі алғашқы автокөлік кәсіпорындарының бірі Маңғыстау технологиялық көлік басқармасына осы жылы 60 жыл толып отыр.
1961 жылы Маңғышлақ жерінде алғашқы мұнай пайда болып, осы уақытта "Қазақстан мұнайы" бірлестігі кезінде шағын автоколонналар құрылды. Ол іс жүзінде қазіргі Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының алғашқы қадамдары болды. Содан кейін осы автоколонна негізінде автокөлік кеңсесі құрылды. Жүк тасымалы көлемінің қарқынды өсуі оны тәуелсіз басқаруға айналдыру қажеттілігін туындап, материалдық - техникалық базаның, жоғары білікті маман - кадрлардың жеткілікті көлемде дамуына септігін тигізді. 1964 жылы маусым айының «01» күні №150-ші Батыс Қазақстан экономикалық әкімшілік ауданы Халық Шаруашылығы Кеңесінің Қаулысына сәйкес «Маңғышлакнефть» Бірлестігінің 15.06.1964 жылғы №20/п Бұйрығы бойынша Автокөлік конторасы (бұдан әрі – АТК) құрылды.
Ол кезде автотехника, бұрғылау мұнарасы және құрал саймандар теңіз арқылы Баутино портына келген, уақытша база Форт-Шевченко қаласындағы Шоқаев Дінзақтың үлкен ауласында болған. Кейін жаңадан құрылған кеңсе үшін өндірістік - техникалық базасы бар 125 түрлі техника бөлінді. Осы күннен бастап СУ - 900 кентінде (бүгінгі № 1 автоколонна - Ынтымақ кенті), ал Шевченко қаласында (бүгінгі Ақтау қ.) - сол кездегі 22 шағын ауданында жеңіл автомобильдерге арналған яғни жолаушыларды тасымалдайтын автобустарға арналған гараж құрылысы басталды.
Осылайша, қазіргі Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының алғашқы тәуелсіз қадамдары басталды, ал екі жылдан кейін кеңсе балансында 326 бірлік техника болды. Жаңа техника ағыны кейінгі жылдары да ұлғайды, ал 1967 жылы №3 автоколонна негізінде Өзен, 1973 жылы Жетібай технологиялық көлік басқармасы, 1979 жылы Бозашы технологиялық көлік басқармасы құрылды. Бұдан әрі 12.12.1995 ж. № 196 бұйрық негізінде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ сол кезде 7 автоколоннадан тұратын МТКБ бөлініп шықты, оның 5-і МТКБ құрамында қалды, оның ішінде Құмкөл кен орынында қызмет көрсеткен бір автоколонна, барлығы Мұнайлы ауданының Ынтымақ кентінде орналасқан, жүк тасымалдаумен айналысатын және 2 автоколонна Ақтау қаласында орналасқан, вахталық жұмысшыларды кен орындарына тасымалдаумен айналысқан "ММГ" АҚ Басқарушы аппараты 25 шағын ауданында бұрынғы № 9 ПГМК автобазасының аумағында орналасқан жаңа құрылып жатқан "Арай" ЖШС-не көшті. Содан кейін "Арай" ЖШС жолаушылар тасымалының көліктік басқармасы (бұдан әрі – ЖТКБ) болып өзгертілді. Бұдан әрі, 25.01.2012 ж. № 21-П бұйрығы негізінде "ОТК" ЖШС ЖТКБ және МТКБ біріктіріліп, бұдан әрі бір басқарма - МТКБ болды.
Автокөліктердің алғашқы күндерінен бастап алдына қойылған негізгі міндет мұнайшылардың, бұрғылаушылардың, монтажшылардың, құрылысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болды. Автокөлік ұжымынан қарапайым проблемалардан алыс мәселелерді сәтті шешу үнемі бастама, шығармашылық ізденіс, жоғары өнімді еңбек және жауапкершілікті арттыруды талап етті. Осы факторлардың арқасында автокөлік тасымалдаушылары өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді сәтті орындалып келе жатыр.
2002 жылы 4 мекеме біріктіріліп, өңіріміздегі ең ірі көлік мекемесі «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС құрылды. Мұнай саласында қызмет атқаратын ұйымдардың қызметкерлерін кен орындарға жеткізумен шұғылданатын «Ойл Транпсорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасына биыл 60 жыл толып отыр.
Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының тарихы – бұл өз жұмысының аса жауапкершілігін сезіне білетін басшылардың, жүргізушілердің, слесарь мамандарының үлкен ұжымның тарихы. Маңғыстау өңірінде Қаламқас, Жетібай және т.б. кен орындарына жолаушыларды тасымалдайтын сенімді әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең ірі кәсіпорыны болып табылады.
Жарияланған күні: 0
22 наурыз 2022
Наурыз мейрамы құтты болсын!
14 наурыз 2022
«ОТК» ЖШС «Амал мерекесі» аталып өтті.
7 наурыз 2022
8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
1 наурыз 2022
Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
9 қаңтар 2022
Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары
30 желтоқсан 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Бас директорының Жаңа жылдық құттықтауы
28 желтоқсан 2021
Ойл Транспорт Корпорейшэн» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің 2021 жылдың әлеуметтік маңызды іс-шаралар қорытындысы
«Ойл
Транспорт Корпорейшэн» ЖШС 2021 жылы әлеуметтік маңызды шаралардың
атқарылуы туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, қызметкерлердің
назарларына ұсынылды.
15 желтоқсан 2021
Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.
23 қараша 2021
Спартакиада 2021 бағдарламасы
15 қараша 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.
«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады.
9 шілде 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды
31 мамыр 2021
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Аайдарбаевтың үндеуі
9 мамыр 2021
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
7 мамыр 2021
«7 мамыр –«Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтаймыз!»
1 мамыр 2021
Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!
19 сәуір 2021
Құрметті әріптестер!
23 ақпан 2021
Хабарландыру! Бірінші басшылардың есептік кездесулері
30 қазан 2020
«Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары»
26 қазан 2020
«Қысқы машина жүргізудің 10 ережесі» атты таныстырылымын назарыңызға ұсынамыз
14 қазан 2020
ГАЗ және оны пайдалану ережелері
2 қазан 2020
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Медициналық бетперде» постерді танысу үшін жіберді.
24 қыркүйек 2020
Тұмауға қарсы екпені егу керек пе жоқ па?
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Тұмауға қарсы екпені егу керек пе жоқ па?» атты бейнероликті танысу үшін жібереді.
16 қыркүйек 2020
Тұмауға қарсы вакцинация туралы ақпарат
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Тұмауға қарсы вакцинация туралы ақпаратты» танысу үшін жіберіп отыр.
15 қыркүйек 2020
"Нысана" байланыс орталығы бойынша электрондық брошюраларды жариялаймыз
"Нысана" - "Samruk Research Servise" платформасы шеңберінде
ПК және ЕТҰ қызметкерлерінің шағымдары мен өтініштерін қабылдайтын
тәуелсіз жедел желі болып саналады.