KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.

Барша адамзат үшін 1 маусым ең мейірімді, ең көңілді әрі ерекше күн болып саналады. Себебі бұл күн – халықаралық  балаларды қорғау күні.

Айтулы мереке 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресімен бекітіліп, балалар күнін бірінші рет 1950 жылдың 1 маусымында атап өту шешімі қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) бұл бастаманы қолдап, балалардың мүддесін, өмірін және денсаулығын қорғау қызметтерінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Мінекей, сол жылдардан бастап бүкіл әлемде төл мерекені атап өтіле бастады.

Әлемдегі ең құнды байлықтың  бірі - баланың жүзі, жарқынға толы қуанышы, сыңғырланған  күлкісі мен көңілді көздері. Балалардың болашағы жарқын болуы және шаттыққа толы болу үшін кішкентай кезден бастап ақ тәрбиесіне қатты көңіл бөлу қажет. Бала – өмірдің гүлі, болашағымыздың кепілі, ертеңгі күннің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақ. Барлық адамдардың мақсаты балаларды алапат соғыстан, зорлық-зомбылықтан қорғау, денсаулығын сақтау, олардың білім алуына жағдай жасау, бақытты өмір сүруін қалыптастыру.

Халықаралық балаларды қорғау күніне «Ойл Транспорт Корпорейшэн»  ЖШС ерекше көңіл бөлді. Серіктестіктің қызметкерлерінің балаларға арнап ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты балаларға көтерінкі көңіл күй мен қуаныш сыйлау. Арнайы шақыртылған мултьфильм кейіпкерлері балардың көңілін аулап, би билеп, сурет салып, бірнеше қызықты ойындар ойнап, соңында балаларға ойыншықтар табысталды.

Ал біздер үшін балалардың күлімсіреген жүзін көру бақыт болды.

 

Дата публикации: 0



23 мая 2016

Іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар жоспары 

4 мая 2016

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в честь праздника «НАУРЫЗ»

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в  честь праздника «НАУРЫЗ».