KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Құрметті отандастар!

Биыл – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы. 10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті тарихында үлкен із қалдырған, ірі тұлға. «Адам өмірінің мақсаты - кемелдену мен жетілу»- деген ұлы Абайдың сөзі, қазақ оқырманын жан-жақты кемелденіп, рухани жетілуге бастайды. Себебі, біз Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан өзімізге қажетті руханилықты табамыз. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Өзі өмір сүрген кезеңде, даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төгіп, рухани байлыққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсеткен ақын. Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен, Абайдың әдеби бай мұрасы ойға оралады.

Абай өз заманының перзенті ретінде сол дәуір дайындаған көлемде ұлан-ғайыр еңбек етті. Кемеңгер Абай өлеңді сөздің патшасы, сөз с арасы деп бағалады. Ол өлең құрылысы жағынан да жұп-жұмыр шығып, артық сөз, орынсыз ой қосылмай, өлеңнің бас-аяғы теп-тегіс шығуын, мазмұн мен түр бірлігін керек етеді. Сырты күміс, іші алтын болып өрнектелуін акындар алдына жаңа әдебиеттің эстетикалық мұраты ретінде ұсынды.
Абай өзінің қара сөздерінде де адамгершілік мәселесінде адамды ақылды талапты, қайратты болуға шақырады.

Ұлы дала философы және ағартушысының өмірден озғанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның бейнесі туған халқына, туған ұлтына жақындай түсуде.

Құрметпен,
Әлеуметтік саясат және әкімшіліктендіру секторы

Дата публикации: 0



23 мая 2016

Іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар жоспары 

4 мая 2016

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в честь праздника «НАУРЫЗ»

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в  честь праздника «НАУРЫЗ».