Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) жолаушыларды, оның ішінде мұнайшыларды кенорынға тасымалдау саласында сапалы қызмет етіп, 50 жылдан астам уақыт ішінде сенімді және тұрақты серіктес ретінде беделге ие болып, қызмет көрсетуді жетілдіру мен дамыту жолында көптеген белестерді бағындырды. Қазіргі таңда серітестікте автобус саны 135-ке жетті. Яғни, бұл дегеніміз Қазақстан Республикасындағы өндірістік мекемелер арасындағы көлік қызметтерін көрсететін ұйымдардың алдыңғы қатарларынан көрініп, осындай алып автопарк кәсіби дайындылығымен танылып келе жатыр.
Көлік саласында қызмет көрсететін ұжымның тәжірибесі мол, жүргізушілердің орташа жасы 48-де, ал көлік саласында еңбек өтілі орташа алғанда 20-жылды құрайды. Мекемеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі барлық талаптарға сәйкес ұйымдастырлған. Атап өтетін болсақ, мезгіл сайынғы техникалық байқаулар, күнделікті линияға шығар алдынғы тексерулер, техникаға GPS-бақылау, жүргізушілер денсаулығын жыл сайынғы толықтай және күнделікті тексерулер жүргізіледі және оларды үнемі оқыту қолға алынған. Биылдан бері өңірде бұрын автобустарға қолданбаған қысқы дөңгелектер сатып алынып, суық мезгілде автобустарға орнатылып бастады.
Осының барлығы мұнайшыларды жайлы жағдайда, қауіпсіз және ауқытылы кенорындарға тасымалдау жағынан сапалы қызмет етуге толықтай кепілдік береді. Оның бір мысалы – сонғы он жылда мекемемізде жолаушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірген ауыр зардаптармен жол оқиғасы тіркелмеген.
Мекеме қызметін жетілдіру бағытында жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді. Оның бірден-бір дәлелі ретінде жылдан-жылға автопарк жаңарып, жаңа автобустар алынып, қолданысқа беріліп жатыр. «ОТК» ЖШС 20 жыл мерейтойына тұспа-тұс келген бұл салтанатты шара Серіктестіктің тарихында маңызды күн ретінде есте қалатын болады.
Былтырдан бері, экономикалық қиындықтарға қарамастан біздің құрылтайшымыз «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК қолдауымен автопаркті жаңғырту ісі қолға алынған болатын. Еске сала кетейік, 2021 жылы 4 Hyundai Universe Luxury үлкен автобустары және Toyota Coaster маркалы автобустарының 8 данасы сатып алынды. Ал, биыл жыл басынан 2 Toyota Coaster алынып, қазір міне 8 Hyundai Universe-тің іске қосылып жатыр. Барлығы соңғы екі жыл ішінде 22 жаңа автобус елдің игілігіне берілген болатын.
Еуропалық сапаны және қауіпсіздік стандарттарының талаптарын өзіне жинақтаған Hyundai Universe автобустары 365 күн сайын күніне екі рет кенорын және қалааралық бағыттарда жұмыс істейді. Автобустар күніне әрқайсысының жүгірісі 500 км-ге дейін жетсе, жылына 180-200 мың км-ге жетеді. Бұл автобустар екі ауысымды режимде жұмыс атқаратындықтан, олардың әрқайсысына екі жүргізуші бекітілген. Осы автобустың моделі тартымды дизайнымен және салоны эргономикалық тұтастығымен, төзімді және үнемді моторымен жабдықталған. Ыңғайлы және эргономикалық салон ұзақ сапар бойы жолаушыларға барынша жайлылықты қамтамасыз етеді. Жүк көтергіш корпус максималды қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бұл автобустардың бұрынғы модельдерімен салыстырғанда шанақ 15% - ға қаттылығы ұлғайтылып, тұтас монокок технологиясы бойынша орындалған. Шанақтың жаңа түрін пайдалану оның қаттылығын және қауіпсіздігін арттыруға және аэродинамиканы жақсартуға ғана емес, сондай-ақ басқарушылыққа да оң әсерін тигізеді, сонымен қатар жолдардағы кедергілерден және жол сапасы нашар аймақтарда жүрген кезде тербелістерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Салатанатты шарада «ОТК» ЖШС бас директоры Ербол Ералыұлы шараға қатысқан тапсырыс беруші мекемелер өкілдеріне мекемеге сенін артып жүргендеріне алғыс айтып, қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстар әрі-қарай үнемі тұрде жалғасатынына сенімін білдірді. - «Құрметті жүргізушілер, алып жатқан көліктерің құтты болсын дей отырып, жол ережелерін сақтай жүріп, автобустарды ұқыпты ұстап, мұнайшыларды жұмыстары мен үйлеріне аман есен жеткізу үстінде сақтық танытуды сұраймын. Әрдайым сапарларының сәтті, жолдарының ашық болсын!» деп тілегін білдіріп, автобустардың кілттері салтанатты түрде табыстады.
Арнайы шақыртумен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі кеңесшісі Төлеғожаев Жетібай Қуанайұлы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көлік департаментінің директоры Айтбаев Қожахмет Сұлтанғалиұлы шараға ат салысып, мұнайшыларға жасалып жатырған осындай ауқымды жағдайлар легі көп болуын тіледі.
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның көлік жөніндегі басқарушы директоры Дүйсебеков Нұрлан Хибатуллаұлы, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның пайдалану бөлім басшысы Нысанбаев Айдарбек Айтжанович және бас директор көмекшісі Серікқали Доғдырбайұлы Амангелді шараға қатысып, екі мекеме арасындағы 10 жылдық қарым-қатынас алға өрлей беріп, сатып алынып жатырған су жаңа көліктер мұнайшыларды тасымалдау жолында жақсы қызмет атқаруына тілектес білдірді.
2021 жылы сатып алынған көліктерді пайдалануға берілгелі бері халықтың ризашылығын алып келе жатырсыздар. Алдағы уақытта ел үмітін ақтар абыройлы істеріңізге сəттілік серік болсын. Жұмыстарыңыз жемісті болып өңірімізде көлік саласының дамуына күш салыса беріңіздер» - деп тілегін «Oil Services Company» ЖШС автокөлік басқармасының басшысы Серікбаев Абзал Бақтыгерейұлы.
15 декабря 2021
Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.
Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік мерекесінің 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлері алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапаталды.
30 ноября 2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС спартакиада өткізді
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі — «ОТК») және «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Спартакиада ұйымдастырылып, бекітілген кестеге сәйкес «26» және «29» қараша күндері өткізілді.
23 ноября 2021
Программа проведения спартакиады 2021
Программа проведения спартакиады 2021
15 ноября 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының автопаркін жаңғырту ісі жалғасын табуда.
«ОТК» ЖШС балансына «Toyota Coaster» маркалы тағы сегіз жаңа жайлы автобус келіп түсті. Ағымдағы жылдың маусым айында сатып алынған «Hyundai Universe Luxury» төрт автобусын ескерсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «ОТК» ЖШС Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Жетібай кен орындарына жұмыскерлерді тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алу бойынша 2021 жылға арналған міндеттемелерін толық орындады.
9 июля 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2021» жеңімпаздары анықталды
Ағымдағы жылдың «9» шілде күні «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС) автобус жүргізушілері арасында үздіктердің үздігін анықтайтын байқау өтті.
11 июня 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары «Rixos Water World Aktau» қонақ үйіндегі жазғы балалар лагерінде дем алып қайтты.
Балаларға арналған жазғы демалыс орынның балалар үшін жайлы, қауіпсіз әрі жақсы көңіл-күй сыйлайтын орын болуы Біздің мекеме үшін маңызды.
1 июня 2021
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті»
Шуақты жаздың алғашқы күні 1 маусым – халықаралық деңгейде аталып өтетін Балалар мерекесі.
1 июня 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС автопаркі жаңа автобустармен толығып салтанатты түрде кілттері табысталды
31 мая 2021
Обращение Председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» А.Айдарбаева
Обращение Председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» А.Айдарбаева
9 мая 2021
Поздравляем с Днем Победы 9 Мая!
7 мая 2021
«7 мая - с днем Защитника Отечества»!
Поздравляем Вас с замечательным днем «7 мая - с днем Защитника Отечества»!
5 мая 2021
Видео-материал о соблюдении норм законодательства в области комплаенс
Видео-материал о соблюдении норм законодательства в области комплаенс .
1 мая 2021
Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!
Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы құтты болсын!
19 апреля 2021
Уважаемые коллеги!
19 марта 2021
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жылдағы дәстүрлі зейнеткерлерді құрметті еңбек демалысына шығарып салу іс-шарасын өткізді.
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС») зейнетке шыққан қызметкерлері ұйым басшысы мен «ОТК» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы атынан алғыс хаттармен марапатталып, салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды.
14 марта 2021
Көктеммен бірге келетін табиғат мейрамы – Амал мерекесі «ОТК» ЖШС аталып өтті
Еліміздің Батыс өңірінде жылдың 14 наурыз күні халықтың тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін мейрам – Амал немесе көрісу күнін атап өтті.
5 марта 2021
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздар Сіздерді 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
1 марта 2021
Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Қадірменді әріптестер, Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
23 февраля 2021
2020 жылдың қорытындысы бойынша "ОТК" ЖШС бірінші басшысының есептік кездесу презентациясы
Хабарландыру!
18 февраля 2021
Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары / Меры предосторожности при гололёде
Құрметті әріптестер,
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары» атты постерді жібереді.
Уважаемые коллеги,
Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК «КазМунайГаз» направляет для ознакомления постер «Меры предосторожности при гололёде».
17 февраля 2021
Жолаушылардың қауіпсіздігі / Безопасность пассажира
Құрметті әріптестер!
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Жолаушылардың қауіпсіздігі» ақпаратты танысу үшін жіберді.
Уважаемые коллеги!
Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК «КазМунайГаз» направляет для ознакомления презентацию «Безопасность пассажира».
31 декабря 2020
Жаңа жылдық құттықтау видеосы
Жаңа жылдық құттықтау видеосы
31 декабря 2020
Жақсылықтың жаршысы Жаңа 2021 жыл болсын!
Әлемде белең алған пандемияның жаһандық экономикаға, сондай-ақ еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізгені белгілі. Қазіргі заманда коронавирус инфекциясының пандемиясы жаһандық қоғам үшін бұрын-соңды болмаған сын-тегеурінге айналды.
22 декабря 2020
Жаңа жыл мерекелеріндегі сақтық шаралары / Меры предосторожности в новогодние праздники
Құрметті әріптестер,
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті карантин кезінде санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігін еске салумен қатар «Жаңа жыл мерекелеріндегі сақтық шаралары» постерін танысу үшін жібереді.
Уважаемые коллеги,
Департамент охраны труда и окружающей среды АО «НК «КазМунайГаз», наряду с напоминанием о необходимости соблюдения санитарных требований в период карантина направляет для ознакомления постер «Меры предосторожности в новогодние праздники».