KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

ҚҰРМЕТТІ МҰНАЙШЫЛАР! ҚАДІРЛІ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Құрметті әріптестер, біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын!

Конституция – егемендіктің кепілі ретінде, біздің бірлігімізді нығайта түсті, тұрақтылық пен келісімнің өзегі, жасампаздықтың нышаны және біздің республикамыздың бүгінгі жетістіктері мен үлкен істерінің бастау көзі болып табылады. Сондай бастамалардың бірі – біздің мұнай саласындағы атқарған еңбегіміз.

Қазіргі уақытта Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мұнай өндірушілер қатарына ілігіп, «қара алтынды» өндіру бойынша үздiк көрсеткiштер көрсетіп, жаңа өндіріс нарығына шығуға жұмыстанудамыз. Өскелең мұнай өнеркәсібінің үлесі елдегі экономикалық ахуалды және жалпы ішкі өнім көрсеткішінің табысын арттырып отырғаны белгілі. Мұнайлы өлкеміздің дамуына және өсіп-өркендеуіне үлес қосып отырған мұнайшылар қауымының еңбегі екені даусыз. Сіздердің еліміздегі мұнай саласының тұрақтылығын нығайту, еліміздің халықаралық беделін арттыру жолындағы ерен еңбектеріңіздің арқасында осындай дәрежегі жетіп отырмыз.

Осы жылдар аралығында еселі еңбек еткен ардагер мұнайшылардың салаға қосқан үлестері де мол. Ардагерлеріміздің мұнай саласындағы қажырлы еңбектерінің арқасында отандық мұнай-газ кешенінің дамуында маңызды қадамдар жасалып, келешек ұрпаққа осы саланы тың меңгерудегі талпынысты арттыруға көмектесті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен, мұнай және газ кешенінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және бұл сала ардагерлерін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС атынан құттықтаймын. Бүгінгі мерекелік күнде Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге жарқын кәсіби табыс пен еңбектеріңіздің өрлеуін тілеймін! Алдағы уақытта да тың табыстарға жете отырып, абыройларыңыздың арта беруіне шынайы тілектеспін!

Құрметпен,

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры Серік Кеулімжаев

 

Дата публикации: 0



23 мая 2016

Іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар жоспары 

4 мая 2016

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в честь праздника «НАУРЫЗ»

Соревнования по «Мини Футболу», который прошёл 15.03.2016г среди работников ТОО «ОТК» в  честь праздника «НАУРЫЗ».