KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Бас директордың ұжымға үндеуі / Обращение генерального директора к коллективу

Құрметті әріптестер!

Қазіргі таңда инфекцияның күллі әлемге лезде таралуына байланысты адамдардың тұрмысы мен өмір сүру жағдайлары да бір сәтте өзгеруде. Осы қиын-қыстау кезеңде  біздің әрқайсымыз инфекцияның таралмауына барынша бөгет жасап, өзіміз бен тумаластарымыздың, жақындарымыз мен достарымыздың және әріптестеріміздің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төнбеуіне қолдан келетін бар мүмкіндігімізді пайдаланып, әрекет етуіміз керек. Осы орайда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бар күш-жігерімізді бір бағытқа жұмсау үшін дәрігерлер мен мамандардың кеңестерін, мемлекеттік, жергілікті және аймақтық штабтар мен мекеме басшыларының шешімдерін орындауымыз қажет. Сондай-ақ, үкімет пен мекеме басшыларының (сонымен қатар Тапсырыс беруші мекемелердің) барлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында енгізген қолайсыздықтары мен шектеулерін түсіністікпен қабылдап, өздеріңіз оларды бұлжытпай орындап, сонымен қатар жанұяларыңыз бен ұжымдарыңызда насихаттауыңызды сұраймын.

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараның  барлығы қолданылуда. Компанияларды  профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету, санитарлық шараларды ұйымдастыру, медициналық бақылауды  күшейту барысында барлық мүмкіншіліктер пайдаланылып жатыр. Сонымен бірге, мұнай бағасының  күрт құлдырауына қарамастан, жұмыс орындарының қысқаруына, жұмыс уақытының азаюына немесе қысқаруына  жол бермеу бағытында  барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануда.

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық стандарттардың талаптарын, санитарлық дәрігерлердің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «ММГ» АҚ  жедел штабтарының  шешімдері мен ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, барлық қажетті шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында пандемияның таралуына байланысты «ОТК» ЖШС-де жедел штаб құрылып,  инфекцияның алдын-алу шаралары жасақталып, аймағымызда  инфекцияның таралуы жіті бақылауға алынып,  қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіліп отыр. Жұмысшылар маскалар және қолғаптармен қамтамасыз етілуде. Кеңсе ғимараттары мен өндірістік жайлар, автобус салондары дезинфекцияланып,  үнемі кварцпен  зарарсыздандырылуда. Дезинфекциялау үшін «Медитерра» ЖШС мамандандырылған зертханасымен келісім жасалды. Қызметкерлердің дене температурасын электронды термометрмен өлшеу арқылы күнделікті медициналық бақылау жүргізу үшін мамандандырылған  «СофиМед» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Әкімшілік қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс жасау тәртібіне ауыстырылды.

Наурыз айының жұмыс нәтижесі бойынша өндірістік қызметкерлерге ай сайынғы сыйақы төленді. Басқару аппаратының қызметкерлеріне тоқсан сайынғы сыйақы  ҚМГ-да бюджеттің түзетілуі мақұлданғаннан кейін, сәуір айында төленетін болады. Яғни, өткен мерзім ішінде Тапсырыс берушілер тарапынан жұмыс көлемін айтарлықтай төмендету болған жоқ. Қазіргі уақытта Серіктестіктің штаттық құрамы мен аутстаффинг арқылы жұмысқа тартылған  қызметкерлерінің  (Әкімшілк қызметкерлері мен Өндірістік жөндеу цехы) жалақы төлеу бағытындағы  еңбек жағдайлары нашарлаған жоқ. Қызметкерлердің жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында, оларды қашықтан жұмыс жасау тәртібіне ауыстыру, еңбек демалыстарына жіберу шаралары қарастырылды. Құрылымдық бөлімше басшыларына инженерлік-техникалық қызметкерлер мен өндірістік жөндеу цехы жұмысшыларын ауысымдық тәртіпке уақытша ауыстыру мүмкіншіліктерін қарастыру құқы берілді. Бұл шаралар барысында жалақы төмендетілмейді.

Инфекцияның таралуын болдырмау бағытында жасақталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін (аймақта инфекция жұқтырғандар анықталғаннан кейін) сәуір айында ҚР-ның вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық мұнай компаниялары 28-30 күндік режимге ауыстырылды. «ОТК» ЖШС басшылығы жаппай вахталық ауысымдар кезіндегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автобустардың жолаушылармен толтырылуын азайту (жолаушыларды қашықтықта орналастыру, яғни арасына бір орын тастап  отырғызу) арқылы рейстер санын екі есеге көбейту туралы барлық тапсырыс беруші ұйымдарға және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на ұсыныс жіберді.

Алайда, инфекцияның таралуы қарқынды дамуда. Жаңаөзен қаласында вирус жұқтыру анықталғаннан кейін, «ӨМГ» АҚ  басшылығы қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Аймақта/кен орындарында ауру анықталған жағдайда кейбір цехтар мен нысандардың, мердігерлік ұйымдардың және т.б. тоқтатылуы қарастырылады.

Сондай-ақ, біз жаңа сынақтарға дайын болуымыз керек. Серіктестік басшылығы атынан  Сізден моральдық және психикалық тұрғыдан дайын болуды сұраймын. Сонымен бірге біз өз тарапымыздан қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету, жұмыс орындары мен жалақыны сақтау үшін қажетті және мүмкін болатын  барлық шараларды  әрі қарай да қолдана береміз.

 Баршаңызға мықты денсаулық пен шыдамдылық тілеймін!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры 

Дата публикации: 0



16 января 2024

В целях обеспечения правовой защиты работников группы компаний и соблюдения норм Кодекса деловой этики в АО НК «КазМунайГаз» имеется должность Омбудсмена.

13 января 2024

Члены Совета молодых специалистов ТОО "Ойл Транспорт Корпорейшэн" поздравили участников Афганской войны в честь 35-летия вывода советских войск из Афганистана

27 декабря 2023

Совет молодых специалистов ТОО «ОТК» продолжает акцию «Вручение новогодних подарков»

26 декабря 2023

Для детей с особыми потребностями молодые специалисты ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» провели благотворительное мероприятие и порадовали» новогодними подарками.

20 декабря 2023

Молодые специалисты ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» приняли участие в игре «Quiz»

18 декабря 2023

Заявление руководства ТОО "West Oil Software" относительно продолжающейся забастовки рабочих с 11 декабря.

5 декабря 2023

Кайдзен

29 октября 2023

За вклад в обеспечение транспортной безопасности признано лучшим ТОО «Ойл Tранспорт Kорпорейшэн».

29 августа 2023

Статья и фотографии с отдыха детей сотрудников ТОО «ОТК» в летнем детском лагере

10 августа 2023

175-летний юбилей Абая Кунанбаева

8 августа 2023

Материалы на ознакомление

5 июля 2023

Объявление о финальном этапе Спартакиады группы компаний АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) с 10 по 14 июля 2023 года.

2 июня 2023

1 июня - в честь Международного Дня защиты детей прошел конкурс «Өнерлі өрендер» среди детей работников ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн

5 мая 2023

С Днем Великой Победы!

5 мая 2023

Поздравляем с 7 мая-Днем защитника Отечества!

14 марта 2023

В нашей организации отметили Праздник Амаль

2 марта 2023

Представляем отчет о проделанной работе за 2022 год ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн»

26 января 2023

График проведения отчетных встреч Первого руководителя ТОО «ОТК» перед трудовым коллективом об итогах за 2022 г. и итогах за полугодие 2023 г.

19 декабря 2022

Во всех автобусах ТОО " ОТК " установлены зимние автошины.

В соответствии с требованиями Правил дорожного движения РК и Регламента АО НК КМГ «О безопасной эксплуатации наземных транспортных средств» ТОО «ОТК» производит установку зимних автошин на все автобусы.

16 сентября 2022

Праздничный вечер для ветеранов труда ТОО «ОТК»

Праздничный вечер для ветеранов труда организованный товариществом с ограниченной ответственностью "Ойл Транспорт Корпорейшэн", прошел в ресторане.

2 сентября 2022

В честь праздника нефтяников сотрудникам и пенсионерам тоо «отк», вышедшим в трудовой отпуск, были вручены почетные грамоты и благодарственные письма

В честь Дня нефтяника товариществом с ограниченной ответственностью "Ойл Транспорт Корпорейшэн" сотрудникам и ветеранам труда были вручены почетные грамоты и благодарности. От локального профсоюза «работников ТОО «ОТК» были вручены ценные подарки.

1 сентября 2022

Отчет о проделанной работе ТОО "Ойл Транспорт Корпорейшэн" за полугодие 2022 года

Предлагаем вашему вниманию ознакомиться с отчетом о проделанной работе ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» за полгода 2022 года.

24 августа 2022

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС «Үздік маман – 2022» жеңімпаздары анықталды

Ағымдағы жылдың «24» тамыз күні «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «ОТК» ЖШС) автобус жүргізушілері арасында үздіктердің үздігін анықтайтын байқау өтті.

15 августа 2022

Жаңа автобустармен жаңа бағыттарға!

«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС (бұдан әрі - «ОТК» ЖШС) жолаушыларды, оның ішінде мұнайшыларды кенорынға тасымалдау саласында сапалы қызмет етіп, 50 жылдан астам уақыт ішінде сенімді және тұрақты серіктес ретінде беделге ие болып, қызмет көрсетуді жетілдіру мен дамыту жолында көптеген белестерді бағындырды. Қазіргі таңда серітестікте автобус саны 135-ке жетті.


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828