KZ
Транспортные услуги на нефтепромыслах

Жақсылықтың жаршысы Жаңа 2021 жыл болсын!

Әлемде белең алған пандемияның жаһандық экономикаға, сондай-ақ еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізгені белгілі. Қазіргі заманда коронавирус инфекциясының пандемиясы жаһандық қоғам үшін бұрын-соңды болмаған сын-тегеурінге айналды. Бұл туындаған эпидемия COVID-19, әрине, ХХ ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі ретінде тарихқа енеді. Экономика саласынан басқа денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат, өндірістік салаға және басқа да салаларға пандемия ауыр соққы болды. Жаппай құлдырауды тудырған бұл коронавирустан кейін еліміздің экономикасын жаңа соққы күтіп тұрды — мұнай бағасының құлдырауы. Пандемиямен шиелінесе түскен бұл мәселе қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырауға себеп болды. Әрине, бұндай қиындықтар бізді өмірдің жаңаша талаптарына бейімделуге, сабырлық пен сақтық арқылы төтеп беруге үйретті.

Осындай қиын сынақтарға қарамастан «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШ серіктестігіміз тоқтаусыз жұмыс атқарып келуде. 2020 жылы жолаушылар ағыны төмендегеніне қарамастан, мекемеміз эпидемиялогиялық талаптарға сай тапсырыс беруші мекемелердің сұраныстарын толықтай атқарып, жолаушыларға қызмет көрсетуін тоқтатпады. Осындай қиын кезеңде, пандемияға қарамастан бірігіп жұмыс атқарған қызметкелердің еңбектерін бағалаймыз.

Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу" деп атап өткендей, біздің алдымызда да дәл осындай мақсат тұр. Болашағымызға бағдар болатын мақсаттырымыз нық болса экономикалық мәселелерді де, пандемияны да толық жеңетінімізге сенімдімін.

Жыл соңын қорытындылай келе мекемеміздің барлық қызметкерлеріне 2020 жылы арқарған белсенділік пен адал еңбектері үшін алғыс айтамын. Біз барлық табысқа бір жұдырық боп жұмыла жұмыс істегеніміздің, жауапкершілігіміз бен мақсатқа жету жолындағы табан-дылы¬ғымыздың арқасында қол жеткіздік деп білемін. Алдағы 2021 жыл осы ұстанымымызды одан әрі нығайтып, жаңа жеңістер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Толассыз еңбектеріңіз әрдайым жемісті болғай!

Жаңа жылды келешекке батыл қадаммен бастау алып, жаңа үміт және бағытпен, жақсылық пен  армандарға ұлассын. Баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние – денсаулығымыз әрқашанда мықты болсын. Дендеріміз ауру-сырқаудан аман, қайратты да жігерлі болып, жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен бастайық. Әрбір шаңырақта қуаныш, күлкі орнап, іші жылулыққа толы болсын! 

Ізгі ниетпен,
 «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС бас директоры С.Ж.Кеулимжаев 

Дата публикации: 31 декабря 2020



19 апреля 2021

Уважаемые коллеги!

22 марта 2021

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

5 марта 2021

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

1 марта 2021

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

23 февраля 2021

Хабарландыру! Бірінші басшылардың есептік кездесулері

18 февраля 2021

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары / Меры предосторожности при гололёде

17 февраля 2021

Жолаушылардың қауіпсіздігі / Безопасность пассажира

31 декабря 2020

Жаңа жылдық құттықтау видеосы

31 декабря 2020

Жақсылықтың жаршысы Жаңа 2021 жыл болсын!

Әлемде белең алған пандемияның жаһандық экономикаға, сондай-ақ еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізгені белгілі. Қазіргі заманда коронавирус инфекциясының пандемиясы жаһандық қоғам үшін бұрын-соңды болмаған сын-тегеурінге айналды.  

22 декабря 2020

Жаңа жыл мерекелеріндегі сақтық шаралары / Меры предосторожности в новогодние праздники

15 декабря 2020

Сізді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

11 декабря 2020

Қол мен саусақтарды сақтау / Защита рук и пальцев

7 ноября 2020

Үсіктің алдын алу / Профилактика обморожения

30 октября 2020

«Меры предосторожности при гололёде»

26 октября 2020

Презентация «10 правил зимнего вождения»

14 октября 2020

ГАЗ и правила его использования

2 октября 2020

Уважаемые коллеги!

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет направляет для ознакомления постер «Медицинская маска»

24 сентября 2020

Вакцинация от гриппа: делать или не делать?

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет для ознакомления видеоролик «Вакцинация от гриппа: делать или не делать?».  

16 сентября 2020

Информацию по вакцинации против гриппа

Департамент охраны труда и окружающей среды АО НК “КазМунайГаз” направляет для ознакомления «Информацию по вакцинации против гриппа». 

15 сентября 2020

Публикуем электронные брошюры по Колл-центру «Нысана»

«Нысана» - это независимая Горячая линия, которая принимает жалобы и обращения работников ПК и ДЗО в рамках платформы «Samruk Research Servise».   

3 сентября 2020

Mұнай және газ кешені қызметкерлерінің күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын!

РМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚАДІРЛІ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Құрметті әріптестер келіп жеткен мұнай және газ кешені қызметкерлерінің күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Қазіргі уақытта Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мұнай өндірушілер қатарына ілігіп, «қара алтынды» өндіру бойынша үздiк көрсеткiштер көрсетіп, жаңа өндіріс нарығына шығуға жұмыстанудамыз. 

2 сентября 2020

«Ойл Транспорт Корпорэйшн» ЖШС мұнай және газ саласы кешенінің қызметкерлері мерекесі күнімен құттықтап, «Үздік маман – 2020» жеңімпаздары анықталды.

Жарыстың ашылу салтанатында «ОТК» ЖШС өндіріс жөніндегі орынбасары Бердіғали Сүгіров сөз алып, мұнай және газ саласы кешені қызметкерлер мерекесімен құттықтай отыра, байқаудың өткізу маңыздылығына тоқтала кетті. 

28 августа 2020

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

28 августа 2020

ҚҰРМЕТТІ МҰНАЙШЫЛАР! ҚАДІРЛІ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Құрметті әріптестер, біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын!